Ысқақ баб, Исхақ ат-Түрік (т.-ө.ж.б.) - «Насабнама» нұсқаларындағы деректерге қарағанда, Қожа Ахмет Иасауидің он үшінші атасы; Түркістан жеріне алғаш ислам дінінің мубаййдийа ағымын әкелушілердің бірі. «Насабнама» нұсқаларындағы шежірелерге қарағанда, Ысқақ баб Мұхаммед ибн ал-Ханафия әулетінен шыққан. Бірақ ан-Наубахтидің «Шиалар» кітабы мен ибн ан-Надимнің (X ғ.) «ал-Фихрист» атты кітабындағы деректерге қарағанда, ол Али ибн Абу Талибтің әйелі, пайғамбарымыздың қызы Фатимадан туған ұлы әл-Хүсайын эулетінен шыққан. VIII ғ-дың бірінші жартысында Хорасанда болған шиалар көтерілісін бастаушы Иахийа ибн Зайдтың ұлы. Ысқақ баб туралы Мхұаммед ибн әл-Ханафия әулетінен шыққан деген аңыз бен шежіренің пайда болуы Ысқақ бабтың ұстанған қайсанийамубаййдийа ағымына байланысты. Өйткені қайсанийлер деп алғашында Мүхаммед ибн әл-Ханафия имаматын жақтаушыларды айтқан. Ысқақ бабтың өзі де рухани жағынан өзін Мүхаммед ибн әл-Ханафия ұрпағымын деп есептеген.
Ысқақ баб, Исхақ ат-Түрік (т.-ө.ж.б.) - «Насабнама» нұсқаларындағы деректерге қарағанда, Қожа Ахмет Иасауидің он үшінші атасы; Түркістан жеріне алғаш ислам діні