Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Есет Құдайбергенұлы Жұбанов (22 қараша 1929 жылы туған, Ақтөбе қаласы — 2007 жылы қайтыс болды) – ғалым, филология ғылымдарының докторы (1997), профессор (1996)

Есет Құдайбергенұлы Жұбанов

  • Басты бет
  • Есет Құдайбергенұлы Жұбанов
 Басқа мағыналар үшін Жұбанов деген бетті қараңыз.

Есет Құдайбергенұлы Жұбанов (22 қараша 1929 жылы туған, Ақтөбе қаласы — 2007 жылы қайтыс болды) – ғалым, филология ғылымдарының докторы (1997), профессор (1996). Әкесі - Құдайберген Жұбанов.

Есет Құдайбергенұлы Жұбанов
Туған күні

22 қараша 1929 (1929-11-22)

Туған жері

Ақтөбе, Қазақ КСР, КСРО

Қайтыс болған күні

2007 (2007)

Қайтыс болған жері

Ақтөбе, Ақтөбе облысы, Қазақстан

Азаматтығы

КСРО
 Қазақ КСР→
Қазақстан

Ғылыми аясы

филология

Ғылыми дәрежесі

филология ғылымдарының докторы (1997), профессор (1996)

Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан.

1936 ж. Алғашқы білім жолын Алматыдағы №12 қазақ орта мектебінен бастайды.

1938-1943 ж. ауылға көшіп келіп, «Қызылжар» жеті жылдық мектебінде оқуын жалғастырып, мектебіндегі оқуын өте жақсыға бітіреді.

1944-1946ж. Ақтөбе қаласындағы Н.Байғанин атындағы 2 жылдық мұғалімдер институттыңың дарялық курсын аяқтап, осы институттың қазақ тілі мен әдебиеті бөлімшесіне қабылданды.

ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген (1951). 1951 –57 жылдары Петропавл педагог училищесінің оқытушысы, Солтүстік Қазақстан облысының мұғалімдер білімін жетілдіру институтының бөлім меңгерушісі, оқу бөлімінің нұсқаушысы, “Қазақстан мұғалімі” газетінің қызметкері, 1957–1959 жылдары Тіл және әдебиет институттында ғыл. қызметкер, 1959–1961 жылдары осы институттың аспиранты, 1962–1991 жылдары кіші, аға ғылым қызметкер болған. 1991 жылдан Ақтөбе мемлекеттік университетінде доцент, жұбановтану лабораториясының меңгерушісі қызметін атқарады. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары қазақ эпостарының тілін, әдеби тіл тарихын талдауға арналған.

Шығармалар

  • Литературно-лингвистические особенности “Козы-Корпеш – Баян-Сулу”. А., 1967;
  • Эпос тілінің өрнектері. А., 1978;
  • “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” эпосының текстологиясы, А., 1994;
  • Қазақтың ауызекі көркем тілі. А., 1996;
  • Халық әдеби тілін зерттеудің лингвистикалық аспектілері. А., 1997.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Химиялық байланыс

  • Сәуір 09, 2026

    Жарық қысымы

  • Сәуір 04, 2026

    Канар аралдары

  • Сәуір 03, 2026

    Девон кезеңі

  • Наурыз 21, 2026

    Баяндауыш

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары