Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

«Алпамыс мектепке барады» — 1977 жылы Ригада өткен Бүкілодақтық кинофестивальде «Бала психологиясын жақсы ашқаны үшін» атты ең таңдаулы балалар фильміне берілет

Алпамыс мектепке барады

  • Басты бет
  • Алпамыс мектепке барады

«Алпамыс мектепке барады» — 1977 жылы Ригада өткен Бүкілодақтық кинофестивальде «Бала психологиясын жақсы ашқаны үшін» атты ең таңдаулы балалар фильміне берілетін бас жүлдені жеңіп алады.

Алпамыс мектепке барады
Фильмнің постері
Жанры

балаларға арналған кино

Режиссёрі

Абдолла Қарсақбаев

Сценарийдің авторы

Роза Хұснутдинова

Басты рөлдерде

Ермек Төлепбаев
Ұлан Сарбасов

Композиторы

Нұрғиса Тілендиев

Кинокомпания

Қазақфильм

Ұзақтығы

69 мин.

Мемлекет

 КСРО

Тілі

қазақша, орысша

Шыққан жылы

1976

IMDb

ID 0318976

Мазмұны

Фильмнің шығуы

 
Мұнар ата

Фильм студияға 1975 жылы Роза Хұснутдинованың сценарийі бойынша «Алпамыс идёт в школу» деген атпен келеді.

Бүгінде белгілі режиссер Серік Жармұхамедовтің Мәскеудегі Жоғары курстың екінші курсын тәмамдап, «Қазақфильмге» тәжірибеден өтуге келген шағы. Фильмнің режиссері Абдолла Қарсақбаев студияның ұзын дәлізінен Серік-студентті көре қалып, қолға алып жатқан фильмі бойынша бірлесіп жұмыс істеуге қолқа салады. Мұнда түсіру жұмысының бастапқы кезеңіндегі актер іздеу, киносынақ жасау, киім дайындау секілді әзірлік шаруалары қызу жүріп жатады.

Алпамыс

Алпамыстың рөлін ойнаған Ермек Төлепбаев ол кезде алтыға толмаған еді. Ермек сәл бұрынырақ Тұраш Ыбыраевтың «Белый автомобиль» деген қысқа метражды фильміне түскен екен.

Бұдан кейін де Ермек В. Пұсырмановтың «Серебряный рог Алатау», С.Райбаевтың «Әнші аралдың құпиясы», С.Жармұхамедовтың «Өтелмеген парыз» А.Григорьевтің «Время жить» сияқты фильмдерге түсті.

Қалихан

Қалиханның рөлі Алпамысқа кереғар мінезді болуы тиіс. Алпамыс арманшыл болса, Қалихан іс-әрекетке бейім. Ол бір жағы сотқар, бір жағы алғыр. Жай жүрмей, жүрген жерін өртеп жүретін, бірақ қанша бұзық болса да, сол сотқарлығынан ар жағында ертеңгі күні «адам» болып кететіні көрініп тұратын бала қажет еді.

Қалиханның рөлін Ұлан Сарбасов ойнады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 08, 2026

    Қалақ батыр

  • Наурыз 22, 2026

    Құқық

  • Наурыз 21, 2026

    Тыныс алу

  • Сәуір 04, 2026

    Торғай үстірті

  • Сәуір 06, 2026

    Көмекші есім

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары