Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қостанай округі 1925 жылы 14 қыркүйекте Қазақ АКСР-не тікелей бағынышты Қостанай уезінің болыстарынан құрылды. Округ болыстарға бөлінді.

Қостанай округі

  • Басты бет
  • Қостанай округі

Қостанай округі — 1925-1930 жылдары болған Қазақ АСКР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.

Округ
Қостанай округі
Әкімшілігі
Ел

 КСРО

Кіреді

Қазақ АСКР

Әкімшілік орталығы

Қостанай

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

14 қыркүйек 1925 жылы

Таратылған уақыты

17 желтоқсан 1930 жылы

Жер аумағы

103,6 мың км²

Тұрғындары
Тұрғыны

389,3 мың адам (1926)

Мазмұны

Тарихы

Қостанай округі 1925 жылы 14 қыркүйекте Қазақ АКСР-не тікелей бағынышты Қостанай уезінің болыстарынан құрылды. Округ болыстарға бөлінді.

1928 жылы 17 қаңтарда Қазақ АКСР-інде округтік бөліністің енгізілуіне байланысты Қостанай округінің шекаралары өзгертілді: Ақмола губерниясының бұрынғы Ақмола уезінің бір бөлігі округке берілді. Округ 15 ауданға бөлінді:

  • Аманқарағай ауданы. Орталығы — Семиозёрный ауылы.
  • Батпаққара ауданы. Орталығы — Батпаққара мекені.
  • Боровской ауданы. Орталығы — Боровской ауылы.
  • Викторов ауданы. Орталығы — Ново-Ильинский ауылы.
  • Денисов ауданы. Орталығы — Денисовский ауылы.
  • Жітіқара ауданы. Орталығы — Жайылма мекені.
  • Затобыл ауданы. Орталығы — Қостанай қаласы.
  • Қайыңдықұмақ ауданы. Орталығы — Адамовский ауылы.
  • Қарабалық ауданы. Орталығы — Тастыөзек мекені.
  • Меңдіқара ауданы. Орталығы — Уразовский ауылы.
  • Науырзым ауданы. Орталығы — Қайғықарасу мекені.
  • Торғай ауданы. Орталығы — Торғай қаласы (кейіннен ауыл).
  • Обаған ауданы. Орталығы — Қараоба мекені.
  • Урицкий ауданы. Орталығы — Урицкий ауылы.
  • Фёдоров ауданы. Орталығы — Фёдоровский ауылы.

1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің барлық басқа округтары сияқты округ таратылып, оның аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.

Тұрғындары

Халық тығыздығы 1928 жылы 1 км²-ге 1,9 адамды құрады. Ең көп қоныстанған - Федоров және Боров аудандары (1 км²-ге 12,3 және 13,3 адам)

1926 жылғы санақ бойынша халықтың ұлттық құрамында келесі халықтар басым болды:

  • украиндар — 41,3 %
  • қазақтар — 31,7 %
  • орыстар — 21,2 %
  • немістер — 2,8 %
  • татарлар — 1,2 %

1926 жылғы санақ бойынша сауатты халық 27,7% -ды құрады:

округ бойынша қазақтар орыстар украиндар қала
Еркектер 39.1 % 22.5 % 48.7 % 46.8 % 58.9 %
Әйелдер 16.3 % 2.4 % 26.7 % 18.8 % 41.4 %
Барлығы 27.7 % 13 % 37.1 % 32.5 % 49.8 %

Әдебиет

  • Базанова Ф. Н. Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — Б. 194–195. — 1500 таралым.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Қызылқұм (шөл)

  • Наурыз 14, 2026

    Шыңғыс хан әулеті

  • Сәуір 09, 2026

    Қасым хандығы

  • Сәуір 08, 2026

    Тоқта хан

  • Сәуір 07, 2026

    Жазу жүйесі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары