Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Леонард Эйлер, нем. Leonhard Euler (4.(15). 4.1707, Базель, Швейцария – 7(18).9.1783, Санкт-Петербург, Ресей) – швейцариялық математик, механик және физик. Базе

Леонард Эйлер

  • Басты бет
  • Леонард Эйлер

Леонард Эйлер, нем. Leonhard Euler (4.(15). 4.1707, Базель, Швейцария – 7(18).9.1783, Санкт-Петербург, Ресей) – швейцариялық математик, механик және физик. Базель университетін бітірген. 1727 жылдан Санкт-Петербург академиясында қызмет істеді. Ол – Санкт-Петербург және Берлин академияларынан басқа Париж академиясының, Лондон корольдық қоғамының,Санкт-Петербург академиясының , т.б. көптеген ірі ғылыми қоғамдардың мүшесі болды. Эйлердің негізгі еңбектері сол кездегі математика мен механиканың барлық саласына, серпімділік теориясына, математикалық физикаға, оптикаға, музыка теориясына, машиналар теориясына, баллистикаға, теңіз ғылымына, т.б. арналған. Оның ғылыми еңбектерінің жинағы ауқымды 60-80 том көлемінде деп болжанады.Эйлер “Аналитикалық түрде баяндалған механика не қозғалыс туралы ғылым” (2 томдық, 1736), “Анализге кіріспе” (2 томдық, 1748), “Дифференциалдық есептеу” (1755), “Универсал арифметика” (2 томдық, 1768 – 1769) және 6 тілде 30 шақты рет басылып шыққан “Интегралдық есептеу” (3 томдық, 1768 – 1770; 4 томдық, 1794), т.б. осы сияқты бірқатар классикалық монографияларында өзінің және басқа ғалымдардың зерттеулерінің нәтижелерін жүйеге келтірді. Ол “Механика” атты монографиясында жаңа математикалық анализдің көмегі арқылы нүкте динамикасын тұңғыш рет кең көлемде баяндады, ал “Қатты денелер қозғалысы теориясында” қатты дененің кинематикасы мен динамикасының теориясын жетілдірді және қатты дененің қозғалмайтын нүкте маңынан айналу теңдеуін (гироскоптар теориясының бастамасы болған) тапты. Аспан механикасы бойынша да үлкен жаңалықтар ашты. 1757 – 1771 жылдары жарық көрген мемуарлары тұтас орта механикасы жөнінен жүргізілген зерттеулерге қосылған елеулі үлесі болды. Эйлер вариациялық есептеу мен дифференциалдық теңдеулер теориясының негізін жасады, дифференциалдық және интегралдық есептеулерді жалпылап, одан әрі дамытты. Ол – 886 мақала мен мемуардың авторы.

A.
Эйлер Леонард.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 08, 2026

    Қарлұқ тілдері

  • Сәуір 05, 2026

    Ток күші

  • Сәуір 03, 2026

    Шежіре-и Түрк

  • Сәуір 05, 2026

    Қор нарығы

  • Сәуір 07, 2026

    Қазалы ауданы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары