Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Бастауын Қатын жотасының мұздықтарынан алады. Тік тау шатқалдарымен ағып, Қара Берел өзеніне қосылған тұста арнасы кеңейеді. Берел (Бергіел) ауылы тұсында Бұқты

Ақ Берел

  • Басты бет
  • Ақ Берел

Ақ Берел (Бергіел) – Бұқтырма өзенінің оң саласы.

Ақ Берел өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 65 км
Су алабы Ертіс
Су ағысы
Бастауы Қатын жотасының мұздықтары
 • Координаттары 49°44′28″ с. е. 86°39′40″ ш. б. / 49.74111° с. е. 86.66111° ш. б. / 49.74111; 86.66111 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Бұқтырма өзенінің оң жағы
 • Орналасқан жері Берел ауылының тұсы
 • Координаттары 49°22′11″ с. е. 86°25′22″ ш. б. / 49.36972° с. е. 86.42278° ш. б. / 49.36972; 86.42278 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°22′11″ с. е. 86°25′22″ ш. б. / 49.36972° с. е. 86.42278° ш. б. / 49.36972; 86.42278 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы

Мазмұны

Географиялық орны

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданындағы өзен. Ұзындығы 65 км.

Бастауы

Бастауын Қатын жотасының мұздықтарынан алады. Тік тау шатқалдарымен ағып, Қара Берел өзеніне қосылған тұста арнасы кеңейеді. Берел (Бергіел) ауылы тұсында Бұқтырма өзеніне құяды.

Гидрологиясы

Қар, мұздықтармен толығады. Суы қараша айының 2-жартысында қатып, мамыр айында мұзы ериді. Өзен аңғарында қарағай, самырсын, терек, қайың ормандары өседі. Аңғары мал жайылымына пайдаланылады.

Этимологиясы

Күні бүгінге дейін Берел топонимі туралы "бергі ел" мағынасында-мыс деген халықтық этимологиядан басқа ғылыми болжам не нақты пікір айтылмай келді. Берел өзені басын Мұзтаудан алып, Бұқтырма өзеніне құятын шағын тау өзені. Оның көзге бірден түсетін басты ерекшелігі - суының, әсіресе жазда, сүттей ақ болып ағуы. Суға ақ түс беретін Мұзтаудың ақ балшығы екені анықталған. Түсіне қарап жергілікті тұрғындар Ақбұлқақ деп атайды: Ақбұлқақ < Ақбұлғақ "Бұқтырманың мөлдір суын ақ түске айналдырып, бұлғайтын, лайлайтын өзен" мағынасында қолданылады. Саяхатшы ғалымдар Белая Берель түрінде картаға түсірген. Атау беруші (қай тілде болса да) өзеннің бұл ерекшелігін байқамауы мүмкін емес. Осы ойдан келгенде, Мұзтау атауын берген сақтар не ғұндар, не түріктер бор (боз) "ақ, сұр" анықтауышын пайдаланған да, Борел (мұндағы ел, ыл, іл өте көне дәуірде "өзен", "су" гидротермині болған: Елек, Іле, Ойыл, Қиыл т.б.) атауын жасаған секілді. Борел түркі тілдеріне тән үндестік заңына байланысты кейінді ықпалға ұшырап Борел/Бөрел/Берел тұлғасын қабылдайды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Ауыз қуысы

  • Сәуір 07, 2026

    Ставрополь өлкесі

  • Наурыз 11, 2026

    Қазақтар

  • Наурыз 21, 2026

    Молекула

  • Сәуір 06, 2026

    Виктор Янукович

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары