Қызылорда округі — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.
| Округ | |
| Қызылорда округі | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Кіреді | Қазақ АСКР |
| Әкімшілік орталығы | Қызылорда |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 17 қаңтар 1928 жылы |
| Таратылған уақыты | 17 желтоқсан 1930 жылы |
Қызылорда округі 1928 жылы 17 қаңтарда Сырдария губерниясының бір бөлігінен құрылды. Округ орталығы Қызылорда қаласы болды. Округ 8 ауданға бөлінді:
- Арал ауданы. Орталығы — Арал қаласы.
- Аламесек ауданы. Орталығы — Аламесек ауылы.
- Қазалы ауданы. Орталығы — Қазалы қаласы.
- Қармақшы ауданы. Орталығы — Қармақшы ауылы.
- Қараөзек ауданы. Орталығы — Тереңөзек ауылы.
- Қарсақпай ауданы. Орталығы — Қарсақпай ауылы.
- Қызылорда ауданы. Орталығы — Қызылорда қаласы.
- Шиелі ауданы. Орталығы — Шиелі ауылы.
1928 жылы 23 маусымда Қараөзек ауданы Тереңөзек ауданы болып өзгертілді.
1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің барлық басқа округтары сияқты округ таратылып, оның аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.
Әдебиет
- Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 288 б. — 1500 таралым.