Қатын (Қатон) жотасы — Алтайдың орталық бөлігіндегі таулы жота. Жота Қатын, Аргун (Арғын) және Берел (Бергіел) өзендерінің су айрығы болып табылады.
| Қатын | |
Ең биік жері - Мұзтау шыңы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Тау жүйесі | |
| Пайда болған кезеңі | |
| Ұзындығы | 150 км |
| Ең биік шыңы | Мұзтау шыңы |
| Биіктігі | 4506 м |
| Орналасуы | |
| 49°48′ с. е. 86°35′ ш. б. / 49.800° с. е. 86.583° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°48′ с. е. 86°35′ ш. б. / 49.800° с. е. 86.583° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Географиялық орны
Қатын жотасы Ресей (Алтай Республикасы) мен Қазақстан жерінің шектесетін жерінде жатыр. Шығыс Қазақстан облысына Қатын жотасының оңтүстік-батыс бөлігі созыла орналасқан. Алтай тауының ең биік жері (Мұзтау, 4506 м), осы жотаның орталық бөлігінде. Жотаның ұзындығы 150 км.
Геологиялық құрылымы
Метаморфтанған тақтатас және граниттен тұрады. Тектоникалық құрылымы жағынан герциндік қатпарлықта көтерілген. Кен байлықтарынан полиметалл кентастарына және алтын қорына бай.
Жер бедері
Беткейінде жалпы ауданы 279 км2 болатын 386 мұздық бар. Жотаның батыс етегінде емдік қасиеті бар Рахман қайнары орналасқан.
Климаты
Климаты тым континеттік, қысы суық. Қыс ортасында тау аңғарларында температура -50-52°С-қа дейін төмендейді. Жазы қоңыржай жылы, шілдеде 10-14°С, тау бастарындағы температура -6-8°С болады. Жауын-шашын 500-1000 мм шамасында.
Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Беткейлерінде таулы орманның сұр топырағы мен таудың күлгінді топырағы қалыптасқан. 2000-2200 м биіктікте қарағай, самырсын, одан жоғары альпілік шалғын мен қорымтас, ал жартасты беткейлерінде қына, мүк өседі. Жануарлар дүниесіне бай. Қоңыр аю, росомаха, бұғы, елік, тиін, ақкіс, түлкі, бұлғын, теңбіл бұғы, ондатр, т.б. кездеседі. Жотаның батыс етегі егіншілікке қолайлы.

