Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

«Еркін қазақ» - Жайық сырты бөлігі земство басқармасының апталық газеті. 1919 ж. 1 қыркүйектен бастап бұр. Орал губндағы уезд орталығы - Ойыл кентінде бірнеше н

Еркін қазақ

  • Басты бет
  • Еркін қазақ

«Еркін қазақ» - Жайық сырты бөлігі земство басқармасының апталық газеті. 1919 ж. 1 қыркүйектен бастап бұр. Орал губндағы уезд орталығы - Ойыл кентінде бірнеше нөмірі жарық көрген. Шығарушысы (редакторы) әрі бастырушысы — Ахмет Мәметов.


1918 ж. Жымпитыда орналысқан Жайық сырты басқармасы газет шығару мақсатында Орал қ-нан 60 мың сомға баспахана сатып алады. Бірақ, сол жылғы көктемде Оралды Қызыл армия бөлімдері басып алуына байланысты баспахана земство мекемесімен бірге Ойылға көшіріледі. Құрамында 3 қызметкері бар баспахана күзге дейін әр түрлі мекемелердің тапсырыстарын орындаумен ғана айналысып, тек 1919 ж. 10 қаңтарда Қаратөбеде өткен облысы земство жиналысының қаулысына сәйкес газет шығаруды қолға алады. Облысы земство басқармасының бастығы Х.Досмухамедов «Еркін қазақ»-тың 1-нөміріндегі бас мақаласында жазғандай, газет Ресейдегі уақиғаларды, земство істерін, Алашорда үкіметінің жаңалықтарын және оның тарихын жазу, саясиәлеум. мәселелерін халыққа түсіндіру мұратын ұстанған. Назар аударар жәйт, баспаханадағы татар жұмысшыларынан баспатерлік кәсіпті үйрену үшін бірнеше қазақ баласы жұмысқа қабылданған. Осыдан-ақ земство басшылығының баспахана мен баспасөз органын биліктің қай түрі орнаса да сақтап қалуға талпынғанын аңғаруға болады. 1919 ж. соңында Ойылды басып алған Қызыл армия бөлімшелерінің осы баспаханада жергілікті халыққа арналған үндеу — прокламацияларын бастыртуы — осыған дәлел. Алайда 1920 ж. Орал губ. ревкомының арнаулы комиссиясы «Еркін қазақ»-ты жауып, баспахана мүлкін тәркіледі. Орал губ. ревкомы мен Қазәсревком арасындағы талас-тартыстан соң баспахана қүрал-жабдықтары Орынборға көшірілді. Кейбір тексерілмеген дерек көздеріне қарағанда, «Еркін қазақ»-тың бірнеше нөмірі Орынбор қорында сақталып қалған.


1997 ж. белгілі зерттеуші-ғалым Б.Байғалиев газеттің 1-нөмірін ҚР ОМА қорынан тауып алып, жариялады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Ауылдық округ

  • Сәуір 07, 2026

    Әлен Жеңісханұлы

  • Наурыз 21, 2026

    Өнеркәсіп

  • Сәуір 03, 2026

    Силур кезеңі

  • Сәуір 04, 2026

    Бауырымен жорғалаушылар

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары