Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

"Дель арте" - итальян комедиялық халық театрының бір түрі. 16 ғасырдың ортасында туған. "Дель арте" комедиясы халық мүддесін көздеді. Өз ойындарында демократия

Дель арте

  • Басты бет
  • Дель арте

"Дель арте" - итальян комедиялық халық театрының бір түрі. 16 ғасырдың ортасында туған. "Дель арте" комедиясы халық мүддесін көздеді. Өз ойындарында демократия көпшіліктің жарқын ойлары мен үстем тап өкілдеріне деген қарсылығын көрсетті. Ол "ғылыми комедияның" гуманистік тәжірибесі мен халық фарсының реалистік дәстүрін одан әрі дамытты. Италия кәсіби театр өнерінің өркендеуінің басы болды. Оның сценарийге (сюжетті схема бойынша) негізделген ойын-сауықтары көбіне импровизация тәсілімен жасалды. Актерлердің көпшілігі масқамен (бет пердемен) ойнаған. Сатиралық бағытта қойылған спектакльдер кезінде өмірдің өзекті мәселелеріне назар аударды. Мұндай спектакльдер жарқын реалистік болуға, музыка мен буффонадаға, ән мен биге толы болды. "Дель арте" комедиясында халық диалектілері (сөйлеу ерекшеліктері) кең пайдаланылды. Көпес Панталоне, ақсүйек Капитан, жалған оқымысты Доктордың іс-әрекеттері "Дель арте" комедиясының сынына әрдайым ұшырап отырды. Лирик, махаббат кейіпкерлері маскалы қызметшілермен (Бригелла, Арлекин, Коламбина, т.б.) бірге ұнамды бейнелер қатарында саналған. 16 ғасырдың аяғынан бастап "дель арте" комедиясының сауыққойлары Франция, Англия, Испания, т.б. елдерді аралап ойын көрсетеді. 17 ғасырдың ортасында "дель арте" комедиясы Италияның өзінде де құлдыраң кетті. Оның халықтық реалистік дәстүрі қазіргі Италияның диалектілі театрларында сақталған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 12, 2026

    Оңтүстік Америка

  • Сәуір 04, 2026

    Жыныс мүшелері

  • Наурыз 21, 2026

    Күлтегін

  • Сәуір 04, 2026

    Болгар тілі

  • Наурыз 12, 2026

    Қасым ханның қасқа жолы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары