Өндірбай Асаубайұлы (1815–1878) — қажы. Абайдың әкесі Құнанбайдың замандасы. Қаракесектің - Бошан-Жүгіней тармағынан. Қызы Зейнепті Абайдың інісі Оспан алған. Өндірбай Орынбор, Уфа медреселерінде оқыған. Оқуын бітірген соң 1870 жылы туған жері Абыралыға келіп, Мәремік тауының баурайынан медресе ашып, сол аймақтың балаларын оқытқан. 3 рет Меккеге барған, 2-сінде Құнанбайды апарып қайтқан. 63 жасында 3-ші рет сапар шегіп, қайтар жолда шөл далада қайтыс болады. Осы оқиға Өмірбайдың баласы Мәтелінің (Мұқаметқали) дастанына өзек болған. 1913 жылы Қазанда Әбдірахман Жүсіпұлы өз қаржысына «Өндірбай қажы» деген кітап жазып шығарған. Кітап Семейдегі Абайдың әдеби-мемориалдық музейінде сақтаулы, Меккеге барар жолдағы елдердің, араб халқының тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі жайында Абай одан көп әңгіме естіген.
Өндірбай Асаубайұлы (1815–1878) — қажы. Абайдың әкесі Құнанбайдың замандасы. Қаракесектің - Бошан-Жүгіней тармағынан. Қызы Зейнепті Абайдың інісі Оспан алған. Ө