Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Арғы аталары Саман Худат, Балх маңындағы (Солт. Ауғанстан) Саман елді мекенінен. Араб үстемдігіне қарсы Рафи ибн Лейстің көтерілісін (806 — 10) басуда көрсеткен

Самани әулеті

  • Басты бет
  • Самани әулеті

Самани Әулеті — Самани мемлекетінде билік еткен парсы әулеті (819 — 999).

{{{атауы}}}
←
→
 
→


Арғы аталары Саман Худат, Балх маңындағы (Солт. Ауғанстан) Саман елді мекенінен. Араб үстемдігіне қарсы Рафи ибн Лейстің көтерілісін (806 — 10) басуда көрсеткен көмегі үшін Саманның балалары мен немерелері 819 ж. Мауераннахрдың ең маңызды қалалары мен уәлаяттарына басқарушы болып тағайындалды. Халиф Мамун Саманның немересі Нұхқа Самарқанды, Ахмедке Ферғананы, Яхьяға Шаш пен Усрушананы берді. Олар алғашқы кезде Хорасан басқарушылары Тахир әулетінің вассалы болды. 873 ж. Тахир әулеті құлағаннан кейін, Самани Әулеті толық дербестікке ұмтылды. 875 ж. Насыр І Самани Мауераннахрды толық бағындырды. 900 ж. оның мұрагері Исмаил Самани (892 ж.) және басқа да Самани Әулеті өкілдері Хорасан әмірі Әмір ибн Лейс Сафари әскерлерін талқандап, Хорасанды, Солт.-шығыс Иранды бағындырды. Мемлекеттің астанасы Бұхар қ., бұдан басқа экон. маңызды орт-тар: Самарқанд, Нишапур, Мерв, Үргеніш, Герат, Балх, Ғазни қ-лары болды. Самани Әулеті билеген тұста Орт. Азияның Хазариямен, Иранмен, бұлғарлармен, Қытай және Русьпен сауда байланыстары дамыды. Қалаларда медреселер, мешіттер, түрлі ғимараттар салынды. Бұхара өзінің ең бай кітапханасымен аты шықты. 997 — 99 ж. Бұхарды түріктердің басып алуына байланысты Мансұр ІІ-нің тұсында Самани Әулеті билік жүргізуді доғарды

Тағы қараңыз

  • Исмаил Ибн Ахмед Самани

Суреттер

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Ақ теңіз

  • Сәуір 03, 2026

    Батыр қонтайшы

  • Сәуір 03, 2026

    Білге қаған

  • Сәуір 09, 2026

    Газ өнеркәсібі

  • Сәуір 03, 2026

    Айқұлақ таңбасы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары