Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қояндытау жотасы – Жетісу Алатауының оңтүстік-батысындағы жота. Алтынемел жотасының шығыс жалғасы. Абсолюттік биіктігі 3459 м (шығысындағы Суаттау тауларында),

Қояндытау жотасы

  • Басты бет
  • Қояндытау жотасы

Қояндытау жотасы – Жетісу Алатауының оңтүстік-батысындағы жота. Алтынемел жотасының шығыс жалғасы. Абсолюттік биіктігі 3459 м (шығысындағы Суаттау тауларында), орташа биіктігі 2500 – 3000 м. Қояндытау жотасын Тамшы асуынан шығысқа қарай шартты түрде Суаттау таулары деп атайды.

Қояндытау
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Жетісу Алатауы

Пайда болған кезеңі

Палеозой, сондай-ақ тас көмір, пермь

Ұзындығы

55 км

Ені

20 км

Биіктігі

3459 м

Орналасуы

44°26′31″ с. е. 79°23′05″ ш. б. / 44.44194° с. е. 79.38472° ш. б. / 44.44194; 79.38472 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°26′31″ с. е. 79°23′05″ ш. б. / 44.44194° с. е. 79.38472° ш. б. / 44.44194; 79.38472 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Жетісу облысы Кербұлақ және Панфилов аудандары жері

Қояндытау (Қазақстан)
Қояндытау (Қазақстан)
Қояндытау
Қояндытау (Жетісу облысы)
Қояндытау

Мазмұны

Географиялық орны

Жетісу облысы Кербұлақ және Панфилов аудандары жерінде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 55 км-ге созылып жатыр, орта тұсындағы енді жері 20 км-ге жетеді.

Геологиялық құрылымы

Геологиялық тұрғысынан жотаның жер қыртысы палеозойдың эффузивті және гранитті жыныстарынан түзілген. Сондай-ақ тас көмір, пермь дәуірінің шөгінділері де кездеседі.

Су торабы

Солтүстік беткейінен Кескентерек өзенінің салалары бастау алса, оңтүстік беткейінен Көктерек, Бурақожыр, Қайшы өзендері бастау алады және осы өзендердің арналары тілімденген.

Өсімдігі

Жота беткейінде биіктігі орташа тау ландшафтысы қалыптасқан. Оңтүстік және солтүстік беткейлерінің етегінің қоңыр және қызғылт қоңыр топырағында дала өсімдіктері өседі. Одан жоғарыда көк терек, ақ терек, қайың аралас жеміс ағаштарынан тұратын сирек орман қалыптасқан. Солтүстігінің 2500 м биіктігінде қарағай шоқтары кездеседі. Одан жоғарыда альпі шалғындары өседі.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 09, 2026

    Халықаралық фонетикалық әліпби

  • Сәуір 05, 2026

    Цинь империясы

  • Наурыз 22, 2026

    Мағжан Жұмабай

  • Сәуір 06, 2026

    Ядролық энергетика

  • Сәуір 09, 2026

    Тәубә сүресі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары