Едіге Дәріғұлұлы Тұрсынов (10 шілде 1942 жылы туған, Алматы қаласы - 24 желтоқсан 2016 жылы Қазақстан Алматы) — әдебиеттанушы-фольклорист, филология ғылымдарының докторы (2003).
| Едіге Дәріғұлұлы Тұрсынов | |
| Туған күні | 10 шілде 1942 |
|---|---|
| Туған жері | Қазақстан Алматы |
| Қайтыс болған күні | 24 желтоқсан 2016 (74 жас) |
| Қайтыс болған жері | Қазақстан Алматы |
| Азаматтығы |
|
| Жұмыс орны | ҚазҰПУ |
Қысқаша өмірбаяны
Арғын тайпасының Қаракесек руының Керней бөлімінен шыққан.
- 1964 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген;
- 1964–1966 жылдары Ақмола мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясында) оқытушы
- Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер;
- 1994 жылдан «Ай» журналының әдеби қызметкері болып жұмыс істеді.
Еңбектері
- «Древние типы носителей казахского фольклора (генезис и типология)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
Оның ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты – қазақ фольклорының көне дәуірдегі типтері, ақын-жыраулық дәстүр мен айтыс жанрының қалыптасуы, фольклор таратушылардың (ақын, сал, сері, жырау, сыншы, т.б.) пайда болу тарихы мәселелері. Тұрсынов монографиялық еңбектер
- «Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері», 1976;
- «Қазақ бақсы-балгерлері», 1997;
- «Возникновение баксы, акынов, сэри и жырау», 1999;
- «Древнетюркский фольклор: истоки и становление», 2001;
- «Атамекен. Казахи. История. Этнография. Культура», 2002) мен 40-тан астам ғылыми мақалалардың авторы.