Борша тышқан, бұрындық (лат. Eutamias sibiricus) — кеміргіштер отрядының тиін тұқымдасына жататын жануар.
| Борша тышқан | ||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||
| Амандық күйі | ||||||||||||||
![]() Least Concern (IUCN) | ||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
| Eutamias sibiricus (Laxmann, 1769) | ||||||||||||||
| Түршелері | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
| Синонимдері | ||||||||||||||
| Tamias sibiricus Laxmann, 1769 |
Қазақстанда Оңт. Алтай және Қалба Алтайындағы қылқанжапырақты ормандар мен аралас ормандарды мекендейді. Дене тұрқы 12 – 15 см, құйрығының ұзындығы 12 см, салм. 70 – 100 г. Арқасында бойлай орналасқан 5 қара жолағы бар. Ағаш басына тез өрмелеп шыға алады, бірақ ұясын інге салады. Қыркүйек – қазанда қысқы ұйқыға кетіп, сәуір – мамырда оянады. Жылына 1 рет 4 – 6-дан балалайды. Ағаш тұқымын, бүрін, саңырауқұлақ, жидек, астық дәнін жеп қоректенеді. Қысқа қарай қор жинайды. Кәсіптік маңызы шамалы, ауланбайды. Борша тышқан кене энцефалиті мен туляремия ауруларының қоздырғышын таратады.
