Қатын (алт. Кадын) - Об алабындағы өзен.
| Қатын | |
|---|---|
![]() Алтай тауларындағы Қатын өзені | |
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 688 км |
| Су алабының ауданы | 60,9 мың км² |
| Су алабы | Об өзені |
| Өзендердің су алабы | Кара теңізі |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Мұзтау (Ақтау, 4506 м) тауы |
| • Координаттары | 49°44′54″ с. е. 86°33′55″ ш. б. / 49.74833° с. е. 86.56528° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Об |
| • Координаттары | 52°25′50″ с. е. 84°59′00″ ш. б. / 52.43056° с. е. 84.98333° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°25′50″ с. е. 84°59′00″ ш. б. / 52.43056° с. е. 84.98333° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| |
| Ел | Ресей Федерациясы |
Географиялық орны
Ресей Федерациясы жерімен ағады. Ұзындығы 688 км, су жиналатын алабы 60,9 мың км2, жалпы ұзындығы 700 км-ден асатын 250-ден астам саласы бар. Су жиналатын алабында жалпы ауданы 137 км2 болатын 2649 көл бар.
Бастауы
Бастауынан Сәрсембай жайлауына дейін Қазақстан шекарасын 17 км-дей бойлай ағады. Бастауын Мұзтау (Ақтау, 4506 м) тауының оңтүстік-батысындағы мұздықтан алады. Жоғарғы ағысында Қазақстан аумағынан бірнеше өзен (сала) құяды.
Тармақтары
Қатынның жалпы ұзындығы 708 км болатын 254 өзені бар. Суы мол ағындар Алтай Республикасының аумағында жоғарғы және орта ағысында қабылданады. Негізгі салалары:
|
|

