Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Мұса Шорманұлы (1819, қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы – 26 желтоқсан 1884, Омбы) — Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны, би, шешен.

Мұса Шорманұлы

  • Басты бет
  • Мұса Шорманұлы

Мұса Шорманұлы (1819, қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы – 26 желтоқсан 1884, Омбы) — Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны, би, шешен.

Өмірбаяны

Қаржас руынан шыққан атақты би Шорман Күшікұлының үлкен ұлы. Шорман бидің Мұсадан басқа: Мұстафа, Иса, Аужан атты үш ұлы мен Зейнеп атты қызы болған. Шорманов өз заманы үшін жеткілікті білімді, көпке танымал және беделді адам болған. Александр Лукин деген офицердің қолында екі жыл оқып, орысша сөйлеу мен жазуды үйренген ол 1833 жылы Баянауыл сыртқы округі ашылғанда үмбетейлердің болысы болып сайланды, 1843 жылдан округтік қазысы болды. 1844 жылы Баянауылда мешіт құрылысын ұйымдастырып, медресе ашты. 1847–1949 жылдары Сібірден 60 мыңдай қазақтарды көшіріп әкеліп, округке таратып қоныстандырды. 1854 жылдан бастап – аға сұлтан. Шорманов Мәскеу мен Петербургте екі рет: 1855 жылы Ресей патшасы Николай І қайтыс болғанда, 1856 жылы Александр ІІ патша таққа отырған салтанатына барған. Қоғамдық істермен белсене араласып, өзінің туған жиені, белгілі ғалым Ш.Уәлихановпен тығыз байланыста болды. Абайдың әкесі Құнанбай істі болып, Омбыға тергеуге шақырылғанда, Дала генерал-губернаторына кепілдеме беріп, қамаудан босатып алған. 1868 жылы жаңа басқару ережесі бойынша округтер жабылып, аға сұлтандық жойылғаннан кейін 1869 жылы Шормановқа полковник әскери атағы беріліп, жылына 350 сом жалақы төленетін демалысқа шығарылды. Енді ол елінің этнографиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысты. Сібірде шығып тұратын газеттерге материалдар ұсынып, Географиялық қоғам ұйымдастырған көрмелер мен оның Г.Н. Потанин, Н.И. Ядринцев, Н.Ф. Костылецкий сияқты мүшелеріне қазақ елі жөнінде материалдар дайындап тұрды. Орыстың кен іздеуші көпестері келе бастағанда оларға жол көрсетуші қазақтарға жер-су аттарын орысшаламау жағын қатаң тапсырған. 1882 жылы Дала генерал-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің тапсыруымен Павлодар мен Семей уездерінің шекарасын белгілеуге қатысқан. Қазақ жастарының білім алуына үлкен көңіл бөліп, көшпелі дала гимназиясын ашу жөнінде Батыс Сібір басшыларына бірнеше рет хатпен өтініш білдірген. Шорманов Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Ақкелін қонысында жерленген.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 08, 2026

    Қыпшақ тілі

  • Сәуір 10, 2026

    Біржан сал ауданы

  • Сәуір 08, 2026

    Оғыз тілі

  • Сәуір 07, 2026

    Жұлдыздық шама

  • Сәуір 08, 2026

    Әл-Адият сүресі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары