Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

49°01′17″ с. е. 83°21′49″ ш. б. / 49.02139° с. е. 83.36361° ш. б. / 49.02139; 83.36361 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°01′17″ с. е. 83°21′49″ ш. б. / 49.02139° с. е

Самар ауданы

  • Басты бет
  • Самар ауданы

Самар ауданы — Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік.

Қазақстан ауданы
Самар ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Аудан орталығы

Самар

Ауылдық округтер саны

8

Ауыл саны

22

Әкімі

Серік Жеңісұлы Жеңісов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Самар ауылы, Горохов көшесі, №58

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°01′17″ с. е. 83°21′49″ ш. б. / 49.02139° с. е. 83.36361° ш. б. / 49.02139; 83.36361 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°01′17″ с. е. 83°21′49″ ш. б. / 49.02139° с. е. 83.36361° ш. б. / 49.02139; 83.36361 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

7 маусым 2022 жыл

Жер аумағы

5,5 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

11 934 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (69,83%), орыстар (25,77%), немістер (1,73%), татарлар (0,99%), басқа ұлт өкілдері (1,68%)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

16

Самар ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Самар ауданы

Облыс картасындағы Самар ауданы

Мазмұны

Географиялық орны

Аудан батысында Ұлан, солтүстігінде Алтай, Катонқарағай, шығысында Күршім аудандарымен, оңтүстігінде Абай облысының Көкпекті ауданымен шектеседі.

Тарихы

Орталығы Самар ауылы болып Семей округі құрамында 1928 жылдың 17 шілдесінде Семей губерниясындағы Бұқтырма уезінің Тимофеев болысы, Зайсан уезінің Көкпекті болысы, Өскемен уезінің Бөкен болысы бірігуімен құрылды. Оның құрамына 24 ауылдық Кеңес (Александов, Батан, Братск, Бөкен, Қазынақ, Көкпекті, Малороссиск, Мариногорск, Меновновск, Миролюб, Мәскеу, Ново-Архангельск, Олегов, Пантелеймонов, Петропавловск, Подгорный, Преображенский, Прохладненский, Розовск, Самар, Славянск, Тимофеев, Шегелек, Чистоярск) кірді.

1930 жылы 23 шілдеде Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің қаулысымен Қазақстан автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасындағы округтік бөлініс жойылып, ірілендірілген аудандық бөліністер құрылды. Самар ауданы таратылып, оның аумағы 1930 жылғы 17 желтоқсаннан республикалық бағыныштылықтағы Көкпекті және Күршім аудандары құрамына енді.

Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1935 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен Көкпекті және Күршім аудандарын ірілендіру барысында құрамында 15 ауылдық кеңесі бар Самар ауданы қайта құрылды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1954 жылғы 13 тамыздағы Жарлығымен ауылдық кеңестерді ірілендіру жұмыстары жүрді.

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1963 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығымен Өнеркәсіптік және ауылдық жерлерді бөлу бойынша әкімшілік-аумақтық реформа аясында құрамында сегіз ауылдық кеңесі бар Самар ауылдық ауданы болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы Жарлығымен Самар ауданы таратылып, оның аумағы Көкпекті ауданының құрамына енді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығымен 7 маусым күні Көкпекті ауданы құрамынан бөліну арқылы Самар ауданы қайта құрылды.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 2023
 34465 ▼26717 ▲29037 ▼26571 ▼24713 ▼11934

Әкімшілік бөлінісі

22 елді мекен 8 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Аққала ауылдық округі 1560 ▼1088 69,7 788 ▼567 72 772 ▼521 67,5
Бастаушы ауылдық округі 1403 ▼976 69,6 703 ▼501 71,3 700 ▼475 67,9
Құлынжон ауылдық округі 1539 ▼1271 82,6 752 ▼657 87,4 787 ▼614 78
Мариногор ауылдық округі 1275 ▼820 64,3 643 ▼419 65,2 632 ▼401 63,4
Миролюбов ауылдық округі 1069 ▼759 71 517 ▼376 72,7 552 ▼383 69,4
Палатцы ауылдық округі 1486 ▼660 44,4 746 ▼336 45 740 ▼324 43,8
Самар ауылдық округі 6885 ▼6195 90 3268 ▼2981 91,2 3617 ▼3214 88,9
Сарыбел ауылдық округі 1087 ▼533 49 542 ▼269 49,6 545 ▼264 48,4
ЖАЛПЫ САНЫ 16304 ▼12302 75,4 7959 ▼6106 76,7 8345 ▼6196 74,2

Ірі елді мекендері

Елді мекен Халқы
(2021)
Самар ▼5948
Аққала ▼738
Бастаушы ▼707
Құлынжон ▼679
Көкжыра ▼592
Мариногорка ▼551
Миролюбовка ▼550

Әкімдері

  1. Раджан Сейітқанов (06.2022 — 04.2023)
  2. Нұрлан Махамбетов (04.2023 — 08.2024)
  3. Серік Жеңісов (12.2024 бастап)

Сілтемелер

  • Самара ауданы. Әкімшілік өзгерістер
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 11, 2026

    Балықтар

  • Сәуір 08, 2026

    Орта мектеп

  • Сәуір 09, 2026

    Шіркейлі (ауыл)

  • Сәуір 15, 2026

    Түмен (қала)

  • Наурыз 13, 2026

    Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары