Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Аллақұл хан (1794–1842) — 1825–1842 жылдары билік құрған, Хиуа хандығының қоңыраттар әулетінен шыққан бесінші билеушісі.

Аллақұл хан

  • Басты бет
  • Аллақұл хан

Аллақұл хан (1794–1842) — 1825–1842 жылдары билік құрған, Хиуа хандығының қоңыраттар әулетінен шыққан бесінші билеушісі.

Аллақұл хан
Лауазымы
Хиуа хандығының ханы
1825 — 1842
Ізашары I Мұхаммед Рахым хан
Ізбасары Рахымқұл хан
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 1794 (1794)
Хиуа
Қайтыс болуы 1842 (1842)
Хиуа
Әкесі I Мұхаммед Рахым хан
Балалары Рахымқұл хан
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Мазмұны

Өмірбаяны

1825 жылы I Мұхаммед Рахым хан (1806–1825) қайтыс болғаннан кейін Хиуа хандығының тағына оның ұлы Аллақұл хан отырды.

Ішкі саясаты

Аллақұл ханның билігі кезінде мемлекетті орталықтандыруды күшейту саясаты жалғастырылды. 1828 жылы сарық тайпаларының көтерілісі басып-жаншылды.

Аллақұл хан ел экономикасын қалпына келтіру бағытын да жалғастырды. Оның билігі тұсында Хорезмде ірі ирригациялық жұмыстар жүргізілді. 1830–1831 жылдары Көне Үргенішке қарай канал салынды.

Аллақұл хан дүниежүзіндегі оқиғаларға қызығушылық танытып, шетел тілдерін меңгерген. Өз замандас Орта Азия билеушілерінен ерекшелігі — ол орыс тілінде еркін оқып, жаза алған.

Аллақұл хан Қоқан хандығымен одақтаса отырып, Бұхара әмірлігіне бірнеше рет жорық жасады. Сондай-ақ Хорасанға бес әскери жорық ұйымдастырды.

Сыртқы саясаты

Аллақұл ханның билігі кезінде Хиуа хандығы Ресеймен, Осман империясымен, Ұлыбританиямен, Иранмен және Ауғанстанмен дипломатиялық қатынастарды сақтады.

1840 жылы Хиуада ағылшын елшілері Дж. Аббот пен Р. Шекспир болды.

1840 жылы қатынастардың біршама салқындауынан кейін Санкт-Петербургке хиуалық елші Атанияз қожа Реис мүфти жіберілді.

1841 жылы Хиуаға капитан Никифоров басқарған Ресей миссиясы келді.

1842 жылы Санкт-Петербургте император I Николай хиуалық елшілер Ваисбай Ниязов пен Ишбай Бабаевты қабылдады.

Мәдениет саласындағы саясаты

 
Аллақұл-хан медресесі

Аллақұл ханның билігі кезеңінде Хиуада Таш-Хаули сарайы (1830–1832), медресе (1834–1835), керуен-сарай (1832–1833), тим (сауда күмбезі), Саитбай мешіті, Ақ мешіт және басқа да сәулет нысандары салынды.

 
Өзбекстан, Хиуа, Аллақұл-хан күмбезі

1842 жылы Хиуа қаласы ұзындығы шамамен алты шақырымды құрайтын сыртқы қорған қабырғамен — Ишан-қаламен қоршалды. Қорған құрылысы 30 күн ішінде аяқталды.

Аллақұл хан дәуірінде Хиуада Мунис Хорезми, Роджих, Дилавар, Саид Мирза Жунайд, Мирза Масихо сияқты ақындар шығармашылықпен айналысты. Мунис Хорезми мен Агахи Хорезм тарихын жазды.

Аллақұл хан қайтыс болғаннан кейін Хорезмдегі билік оның ұлы Рахымқұл ханға (1842—1845) өтті.

Әдебиет

  • Гуломов Х.Г., Дипломатические отношения государств Средней Азии с Россией в XVIII – первой половине XIX века. Ташкент, 2005
  • Гулямов Я.Г., История орошения Хорезма с древнейших времен до наших дней. Ташкент. 1957
  • История Узбекистана. Т.3. Т., 1993.
  • История Узбекистана в источниках. Составитель Б.В. Лунин. Ташкент, 1990
  • История Хорезма. Под редакцией И.М. Муминова. Ташкент. 1976.
  • Муталов О., Хива хонлиги Оллокулихон даврида. Тошкент. 2005.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 02, 2026

    Қоныстану тығыздығы

  • Наурыз 29, 2026

    Гендік инженерия

  • Сәуір 03, 2026

    Абылай Онданұлы

  • Сәуір 16, 2026

    Айшуақ хан

  • Наурыз 23, 2026

    Омоним

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары