Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Таңшолпан — «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының 1992 жылдан бері шығатын таңғы ақпараттық-көңілашар бағдарламасы.

Таңшолпан (бағдарлама)

  • Басты бет
  • Таңшолпан (бағдарлама)

Таңшолпан — «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының 1992 жылдан бері шығатын таңғы ақпараттық-көңілашар бағдарламасы.

Таңшолпан

2018 жылдан бергі логотипі
Жанр

таңғы көңілашар бағдарламасы

Жүргізуші

Бексұлтан Әкімжан
Мөлдір Әбдірайым
Ардақ Қасымхан

Мемлекеті

Қазақстан Қазақстан

Тілі

қазақша

Алғашқы шығарылым

1992 жыл

Өндіріс
Жетекші

Таңғы бағдарламалар шығармашылық бірлестігі

Түсірілім орны

Астана, Қазмедиа орталығы

Ұзақтығы

~150 минут

Хабар тарату
Телеарна

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трансляция кезеңі

14 желтоқсан 1992 — күні бүгінге дейін

Хронология
Ізашар бағдарлама

Жаңа күн
Таңсәрі
Оян, қазақ!
Қайырлы таң!
Көңілашар
Қайырлы таң, Қазақстан!
Ассалаумағалайкүм, ағайын!

Ұқсас бағдарлама

Оян! (Хабар)
Қайырлы таң, Қазақстан! (Еуразия)

Сілтемелер
qazaqstan.tv/projects/tansholpan/

Түпнұсқа хабар эфирге шығатын уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 07:00-10:00 аралығында.

Мазмұны

Тарихы

Бағдарлама алғаш рет 1992 жылы 14 желтоқсанда дүйсенбі күні, сағат 7:00-9:00 аралығында эфирге шықты. Ал­ғашқы хабарды Иманбай Жұбай және Лаура Юсупжанова жүргізді. Бағдарламаны «Таңшолпан» деп атау Шерхан Мұртазаның идеясы. Бастапқыда бағдарламаны жай ғана таңғы бағдарлама деп атаған. Бағдарлама бекітілген соң, Шерхан Мұртаза «Таңшолпан» деп атады. Әрі бұл жазушы кейіпкерінің есімі болатын. Сөйтіп, Шерхан Мұртаза батасын беріп, Иманбай Жұбаев қостап эфирге шығарды.

Бағдарламаның ал­ғашқы тобында бас редак­тор­дың орынбасары Бақберген Табылдиев, бөлім меңгерушісі Се­рік Есенов, бас режиссер Нұрлан Жұманиязов, режиссер Асыл Қап­тағаева, редакторлар – мар­құм Кенжебай Жармұхамбетов, Ғалия Әженова, Азамат Қа­лым­бетов, Мұхтар Түменбаев, Дархан Наушабаев, Қуат Борашев, Базархан Айтмағамбетов, Әмір­ол­ла Саримов, Гүлмария Көп­тілеуова, Құдайберген Қазыбаев, Махамбет Сәрсенбиев, Ғазиз Тас­­таев, Балжан Баялиева жұмыс істеді. Бағдарлама эфирге шығу барысында өзінің тарихында атауын бірнеше мәрте өзгертті.

Бағдарлама ұжымы

Бағдарлама ұжымы

Бағдарламаның алғашқы жүргізушілері

Ләззат Танысбай
Гүлмира Дайрабаева
Хадиша Жәмекова
Лаура Юсупжанова
Архат Са­дықов
Ругина Лоджу
Жасқы­лық Шүйтенов
Руслан Бөлебай

«Таңшолпан» бағдарламасының 2010-2014 жылғы жүргізушілері

Майя Веронская
Берік Көшербекұлы
Ирина Тен
Әйгерім Есенәлі
Маржан Болатханқызы
Жансерік Бейсеев
Назерке Нұртас

Логотиптері

  •  
    Таңшолпан бағдарламасының 2012 жылғы эмблемасы
  •  
    Таңшолпан бағдарламасының 2013 жылдардағы белгісі

Айдарлары

  • Қызықты мәлімет Мұрағатталған 8 қарашаның 2014 жылы.
  • Қазақ жері Мұрағатталған 25 тамыздың 2014 жылы.
  • Ырғақ Мұрағатталған 25 тамыздың 2014 жылы.
  • Ауа райы Мұрағатталған 17 шілденің 2014 жылы.
  • Баспасөзге шолу Мұрағатталған 25 тамыздың 2014 жылы.
  • Мультфильмдер Мұрағатталған 25 тамыздың 2014 жылы.

Қызықты мәліметтер

  • Бағдарлама ең алғаш ашылған уақыттарда «Зейнеп апайды тың­дасақ…» атты арнайы айдарды жазушы Зейнеп Ахметова, «Заң мен заман» жобасын Мақсұт Нәрікбаев басқарған.
  • 2012 жылдың қараша айының 23-де Студенттер сарайында «Таңшолпан» бағдарламасының 20 жылдығы аталып өтілді.
  • 2012 жылдан бастап «Таңшолпан» бағдарламасы өз көрсетілімін Астанадағы «ҚазМедиа» орталығынан таратып көрсете бастады. Соған орай бағдарламаның дизайны да өзгерді.
  • «Таңшолпан» бағдарламасы өз кезегінде неше түрлі байқаулар ұйымдастырып отырады. Мысалы, «Ең жас батыр ана» байқауы, «Парасатқа құштарлық» байқауы.
  • «Таңшолпан» бағдарламасы тікелей эфирде өтеді.
  • «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушілері күн сайын көрермендерге әр түрлі тақырыпта сауалдар тастап, викториналық сұрақтар қойып отырды.
  • 2 маусым 2014 жылдан бастап «Таңшолпан» ақпаратты-сазды  бағдарламасы жаңа студияда, жаңаша бағытта шыға бастады.

Викториналық ойын

Футболдан 2014 жылғы Әлем чемпионатына орай ұйымдастырылған викториналық сұрақтар ойнатылды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 15, 2026

    Эгей мәдениеті

  • Сәуір 05, 2026

    Павлодар округі

  • Сәуір 04, 2026

    Толқындық функция

  • Наурыз 14, 2026

    Ақан сері

  • Наурыз 11, 2026

    Мұхит

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары