Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Өгем (өзб. Ugom, Угом) – Қазақстан және Өзбекстандағы тау өзені. Шыршық өзенінің ірі салаларының бірі.

Өгем (өзен)

  • Басты бет
  • Өгем (өзен)

Өгем (өзб. Ugom, Угом) – Қазақстан және Өзбекстандағы тау өзені. Шыршық өзенінің ірі салаларының бірі.

Өгем өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 68,5 км
Су алабының
ауданы
869 км²
Су алабы Шыршық→Сырдария→Арал теңізі
Су ағысы
Бастауы Өгем жотасындағы бұлақтар
 • Орналасқан жері Өгем жотасы
 • Биіктігі 2760 м
 • Координаттары 42°00′38″ с. е. 70°19′14″ ш. б. / 42.01056° с. е. 70.32056° ш. б. / 42.01056; 70.32056 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Шыршық өзені
 • Орналасқан жері Шарбақ СЭС-і
 • Биіктігі 750 м
 • Координаттары 41°37′46″ с. е. 69°56′49″ ш. б. / 41.62944° с. е. 69.94694° ш. б. / 41.62944; 69.94694 (G) (O) (Я)Координаттар: 41°37′46″ с. е. 69°56′49″ ш. б. / 41.62944° с. е. 69.94694° ш. б. / 41.62944; 69.94694 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан, Өзбекстан

Мазмұны

Сипаттамасы

 
Шыршыққа құятын тұсы

Өзеннің ұзындығы 68,5 км. Су алабының ауданы 869 км². Бастауын Түркістан облысы Төле би ауданындағы Өгем жоталарынан алады. Теңіз деңгейінен 2600 м-дей биіктіктегі бірнеше бұлақтардың қосылуымен іріленіп, тау қойнауымен ағып, бағытын түстікке бұрады.

Құлап аққандықтан, ағысының жылдамдығы жоғары. Өгем орман шаруашылығының етек жағындағы ағыс жылдамдығы 1,6 м/с. Одан да төменіректегі ағысы 2,6 м/с-қа дейін жетеді.

Төменгі ағысында Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасын кесіп өтеді. Шекарадан өткен соң Бостандық ауданының аумағымен ағады. Шарбақ су электр станциясына таяу жерде Шыршық өзеніне құяды.

Жағасындағы елді мекендер

Өзен тау-тасты аралап аққандықтан жағасында адам тұратын елді мекендер аз. Өзбекстан аумағанда бірнеше пансионаттар мен балаларға арналған жазғы лагерлер орналасқан. Сондай-ақ Хумсан курортты кенті бар.

Әдебиет

  • Угом — Национальная энциклопедия Узбекистана. — Ташкент, 2000—2005. (узб.)
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 13, 2026

    Қорқыт ата

  • Сәуір 15, 2026

    Таң (ауыл)

  • Сәуір 09, 2026

    Құрғақ үйкеліс

  • Сәуір 03, 2026

    Македон тілі

  • Сәуір 13, 2026

    Маңғыстау (ауыл)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары