Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Құлмұхаммед елшілігі – 1594 жылы Тәуекел хан Мәскеуге жіберген елшілік. Елшілік алдында патшалық Ресеймен тығыз саяси қарым-қатынас орнату, әскери одақ құру жән

Құлмұхаммед елшілігі

  • Басты бет
  • Құлмұхаммед елшілігі

Құлмұхаммед елшілігі – 1594 жылы Тәуекел хан Мәскеуге жіберген елшілік. Елшілік алдында патшалық Ресеймен тығыз саяси қарым-қатынас орнату, әскери одақ құру және Тәуекелдің інісі Ораз-Мұхаммедті Ресей тұтқынынан босату міндеті қойылды. Ресей бұл тұста Бұхар ханы Абдолламен одақтас болған Көшім елімен соғысып жатты. Тәуекел ханның Бұхар хандығына шабуыл жасауы Абдолланың Көшімге көмек көрсетуіне едәуір кедергі жасады. Сондықтан Құлмұхаммед елшілігін Ресей жылы қабылдады. Елшіліктің қару-жарақ сұраған өтінішіне патша өкіметі қаруланған қазақ хандығы Бұхара мен Көшім хандығына қарсы соғыс қимылдарын жүргізуі тиіс деп, ал Ораз-Мұхаммедті босату туралы өтінішіне оның орнына Тәуекел ханның ұлы Үсейін ханзаданы аманат етіп жіберген жағдайда ғана орындалады деп жауап берді. Мәскеуден Тәуекел ханға тілмәш Вельямин Степанов деген елші жіберілді. Мәскеу патшасының талабы мен қойған шарттары қисынсыз әрі өте ауыр болғандықтан қабылданбады. Мәскеумен өзара қатынастарға Тәуекел қазақ хандығының саяси тәуелсіздігін жоғалту түрінде емес, қайта Бұхара хандығына қарсы күрес үшін әскери одақ ретінде ғана қараған болатын.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 18, 2026

    Тәжік әліпбиі

  • Сәуір 07, 2026

    Жер орбитасы

  • Сәуір 07, 2026

    Баба (шығанақ)

  • Сәуір 02, 2026

    Етістіктің түрлері

  • Сәуір 09, 2026

    Ән-Наср сүресі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары