Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Омар Хан, Омар Нарботаұлы немесе Сейіт Мұхаммед Омар хан (1787, Қоқан – 1822, Қоқан) — Қоқан хандығының ханы (1809–1822). Әлім ханнан кейін билікке келді. Әйелі

Омар хан

  • Басты бет
  • Омар хан

Омар Хан, Омар Нарботаұлы немесе Сейіт Мұхаммед Омар хан (1787, Қоқан – 1822, Қоқан) — Қоқан хандығының ханы (1809–1822). Әлім ханнан кейін билікке келді. Әйелі — өзбек әдебиетінің классигі Мохларойим Надира.

Омар хан
Лауазымы
Қоқан хандығының ханы
1809 — 1823
Ізашары Әлім хан
Ізбасары Мұхаммедәлі хан
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 1787 (1787)
Қоқан
Қайтыс болуы 1822 (1822)
Қоқан
Әкесі Нарбота би
Жұбайы Надира
Балалары ұлдары:
Мұхаммедәлі хан
Махмұд сұлтан
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Оның тұсында қоқандықтардың Оңтүстік Қазақстанға басқыншылық саясаты күшейе түсті. Ташкенттің солтүстігінде жатқан бірқатар қалалар мен бекіністерге жорық жасап, 1813 жылы Қарнақ, 1814 жылы Түркістан қалаларын басып алды. Әсіресе Түркістан қаласын алуға үлкен мән беріп, осыдан бастап өзін «әмір әл-муслимин» – «мұсылмандардың әміршісі» деп атауға бұйрық берді және мұсылмандардың халифы саналатын түрік сұлтанына Түркістанды бағындырғаны жөнінде хат жазып, Ыстанбұлға арнайы елшілік жіберді. Қоқан – Бұхар арасындағы бақталастықты пайдаланған Түркістанның билеушісі Тоқай төре Бұхар хандығын паналап, сондағы қазақтардан қол жинады. Бірақ Түркістанды қайтармақ болған әрекеттері сәтсіз болды. 1821 жылы қоқандықтарға қарсы Тентек төре бастаған қазақтардың көтерілісі болды. Бұл жолы Омар Сайрам, Шымкент қалаларын басып алды. Тентек төре баж салығы мен зекет төлеп тұруға келісім беруге мәжбүр болды. Ал кейбір қазақ төрелері оған өз еріктерімен бағынды. Омар хан солтүстік-батыста Қармақшы, шығыста Іле өзеніне дейінгі жерге Ақмешіт, Күмісқорған, Жаңақорған, Жөлек, Жаманқорған, Әулиеата, Ақсу, т.б. бекіністер салды. Мұндай бекініс қамалдар Талас, Шу өзендері бойындағы қырғыздар жеріне де салынды. Оның тұсында Қоқанның ресми жылнамасы – Умарнама және Шахнама-ий Умар-хани жазылды. Ол көптеген мешіт-медреселер салдырды, Әмір деген бүркеншек атпен парсы және түркі тілдерінде өлеңдер жинағын қалдырды.

Ш.Уәлиханов Қоқан хандары Омар ханнан бастап өздеріне «сейіт» деген сөзді қосып айтатын болған деп көрсетті.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 02, 2026

    Солтүстік полюс

  • Сәуір 07, 2026

    Колумбия үстірті

  • Сәуір 08, 2026

    Квант физикасы

  • Наурыз 21, 2026

    Мемлекет

  • Сәуір 07, 2026

    Әт-Тәкәсур сүресі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары