Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Нағыз аңдар (Therіa)– сүтқоректі жануарлардың класс тармағы. Олар Жер шарында кең тараған. Құрлықта, топырақ астында, суда және ауада ұшып жүріп тіршілік етуге

Нағыз аңдар

  • Басты бет
  • Нағыз аңдар

Нағыз аңдар (Therіa)– сүтқоректі жануарлардың класс тармағы. Олар Жер шарында кең тараған. Құрлықта, топырақ астында, суда және ауада ұшып жүріп тіршілік етуге бейімделген. Дене тұрқы да әр түрлі. Мысалы: көк киттің денесінің ұзындығы 33 м, ал салмағы 160 т болса, ең кіші түрі – жабайы араға ұқсас жарғанаттың денесінің ұзындығы 30 мм, салмағы 2 г-дай болады. Бұлардың барлығына ортақ қасиет – ұрпақтарын тірідей туып, сүтімен асырайды. Көпшілік түрлерінде етті еріндері жақсы жетілген. Нағыз аңдарда клоака болмайды, ас қорыту, зәр шығару және жыныс жолдары сыртқа жеке-жеке ашылады. Бұл класс тармағына жататын түрлердің шығу тегі мен эволюциялық даму кезеңдері палеонтологиялық тұрғыдан толық зерттелген. Олардың қаңқа қалдықтары мезозой эрасынан табылған.

Қазақстанда нағыз аңдардың 8 отрядына жататын 178 түрі белгілі. Олардың 6 отрядқа бірігетін 40 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген нағыз аңдар 2 инфракласқа бөлінеді:

  1. Төменгі сатыдағы аңдар; қосымша қалталы жануарлар.
  2. Жоғарғы сатыдағы аңдар; қосымша арық жолдасты жануарлар.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 12, 2026

    Жалпы химия

  • Сәуір 13, 2026

    Ән-Нахл сүресі

  • Сәуір 04, 2026

    Бөкей хан

  • Мамыр 02, 2026

    Торайғыр (тау)

  • Мамыр 19, 2026

    Лак тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары