Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Чукот түбегі (Чукотка) – Еуразия материгінің шеткі солтүстік-шығысында орналасқан түбек. Солтүстік жағынан Солтүстік Мұзды мұхиттың Чукот теңізімен және оңтүсті

Чукот түбегі

  • Басты бет
  • Чукот түбегі

Чукот түбегі (Чукотка) – Еуразия материгінің шеткі солтүстік-шығысында орналасқан түбек. Солтүстік жағынан Солтүстік Мұзды мұхиттың Чукот теңізімен және оңтүстік жағынан Тынық мұхитының Беринг теңізімен шайылып жатыр. Аляскадан шығыстағы жіңішке Беринг бұғазымен бөлініп жатыр. Түбектің шығыс жағалауында Аракамчечен аралы орналасқан.

Чукот түбегі
Сипаттамасы
Ауданы49 000 км²
Ең биік нүктесі1194 м
Орналасуы
65°58′00″ с. е. 174°44′00″ б. б. / 65.9667° с. е. 174.7333° б. б. / 65.9667; -174.7333 (G) (O) (Я)Координаттар: 65°58′00″ с. е. 174°44′00″ б. б. / 65.9667° с. е. 174.7333° б. б. / 65.9667; -174.7333 (G) (O) (Я) (T)
Түбекті шаятын акваторияларБеринг теңізі, Чукот теңізі
Ел Ресей
Чукот түбегі (Ресей)
Чукот түбегі
Чукот түбегі Ортаққорда

Бұл батыстық жарты шардағы Азияның жалғыз континентальдық бөлігі.

Мазмұны

Географиялық орны

Түбектің территориясы Ресей Федерациясының субъектісі Чукот автономиялық аймағына кіреді: түбекте Провидендік және Чукот ауданы орналасқан.

Тарихы

Түбектің атын 1728 жылы В.Беринг Чукоткада тұратын чукчалардың құрметіне қойған.

Жер бедері

Чукот түбегінің көп бөлігін биіктігі 1000 м-ге дейін жететін таулы өлкелер алып жатыр.Таулы алқаптар Чевтакан, Эргувеем, Нунямоваам өзендерінің аңғарларымен бөлінген. Провидения бухтасының жанындағы ең биік жерлер Сенявиндік биіктіктер деп аталады (Исходная тауы, 1194 м - Чукот түбегінің ең биік жері). Бұл түбекте жазық жерлер сирек кездеседі және де олар үлкен мүйістердің жанында орналасады.

Климаты

Климаты қатаң, жағаулауларында – теңізді, ішкі аудандарында – шұғыл континенттік. Қыс 10 айға дейін жалғасады. Жер-жерде мәңгі тоң таралған. Жібіген тоңдар тек ірі өзендердің төменгі ағыстарында және термокарсттық өзендердің астында кездеседі. Қатқан, мұздай түрлерінің температурасы таулы жоталарда −10°С, ал өзен аңғарларында −6°С жетеді. Негізінен температура Провидения бухтасында көтеріледі.

Өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Чукот түбегінің территориясы тундра зонасына толығымен еніп жатыр. Ормандар мүлдем кездеспейді. Көбінесе арктикалық талдар, көкжидек пен мүкжидек, төрт қырлы кассиопия кездеседі және олардың биіктіктері 5-тен 20 см-ге жетеді, ал қайың, альпілік толокнянка, лапландық диапенсия сирек кездеседі. Өзен аңғарларында алқаптық бұталар, талдардың өзге түрлері, ольховника өседі. Мүк пен қына жиі таралған. Түбекті ақ түлкілер мен қасқырлар, ақ қояндар, ұзын құйрықты саршұнақтар, солтүстік бұғылар көптеп мекен етеді. Таулы аймақтарда ақ қошқарды кездестіруге болады. Жартасты жағалауларда көптеген құс базарлары бар. Ол жерлерде мұнтазқұс, кайра, ипатка, топоро және шағалалар ұя салады. Тундрада шығыс-сібірлік гуменниктер, ақ маңдай қаз, канадалық тырна, қалтқықұс, балшықшы, қаратұмсық кездеседі.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 23, 2026

    Аңыз

  • Сәуір 02, 2026

    Солтүстік Македония

  • Сәуір 15, 2026

    Жағалық сызық

  • Сәуір 05, 2026

    Алаша хан

  • Сәуір 18, 2026

    Федор Скибин

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары