Ноғайты – Сағыз алабындағы өзен.
| Ноғайты өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 65 км |
| Су алабының ауданы | 931 км² |
| Су алабы | Сағыз өзені |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Ноғайты аулының шығысы |
| • Координаттары | 48°24′11″ с. е. 55°15′24″ ш. б. / 48.40306° с. е. 55.25667° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Атырау облысындағы Сағыз өзенінің оң жағы |
| • Координаттары | 48°13′21″ с. е. 54°50′20″ ш. б. / 48.22250° с. е. 54.83889° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°13′21″ с. е. 54°50′20″ ш. б. / 48.22250° с. е. 54.83889° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | Қазақстан |
| Аймақ | Ақтөбе облысы Байғанин ауданы, Атырау облысы Қызылқоға ауданы |
Географиялық орны
Атырау облысы Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 65 км, су жинайтын алабының аумағы 931 км².
Бастауы
Өзен бастауын Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Ноғайты аулының шығысынан алып, Сағыз темір жол стансасы тұсында Сағыз өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жер асты және жауын-шашын суымен толығады. Көктемде қар суымен оншақты күндей тасып, жазда қарасуларға бөлініп кетеді. Суы ащы. Алабы – мал жайылымы.