Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Оның мүшелері қатарында А.Сейітов, М.Сейітов, М.Жұмабаев, С.Садуақасов, А.Баржақсин, Ш.Әлжанов, Б.Байділдин, А.Сейдалин, Қ.Кемеңгеров, Ғ.Тоғжанов, Д.Әділов, О.Т

Бірлік (ұйым)

  • Басты бет
  • Бірлік (ұйым)

“Бірлік” — 1914 жылы Омбы қаласында құрылған қазақ жастарының ұйымы.

Оның мүшелері қатарында А.Сейітов, М.Сейітов, М.Жұмабаев, С.Садуақасов, А.Баржақсин, Ш.Әлжанов, Б.Байділдин, А.Сейдалин, Қ.Кемеңгеров, Ғ.Тоғжанов, Д.Әділов, О.Темірбеков, т.б. болды. “Бірлік” ұйымы өзінің алдына қазақ халқының мәдениетін, өнерін, әдебиетін көтеру арқылы оның ұлттық санасымен сезімін оятуды мақсат етіп қойды. Осы мақсатқа жету үшін ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, оларды бастырып шығаруды, ауыл мектептерін оқулықтармен қамтамасыз етуді, қаражатқа мұқтаж оқушыларға көмек ұйымдастыруды қолға алды. 1916 жылы “Балапан” атты қолжазба журнал шығарды. 1917 жылы 1 — 4 қазан аралығында ұйымның кеңейтілген жиналысы өтіп, онда ұйым мүшелері Алаш партиясына қолдау көрсететіндіктерін білдіріп, халық арасында оның бағдарламасын насихаттауды өз мойнына алды. Дегенмен оның мүшелері арасында Әлжанов секілді “Үш жүз” партиясын қолдағандар да болды.

“Бірлік” ұйымы мүшелері 1918 жылы барлық қазақ жастарын біріктіру үшін құрылған “Жас азамат” ұйымының құрамына енді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Мемлекеттік ту

  • Наурыз 29, 2026

    Қаратпа сөз

  • Сәуір 16, 2026

    Қараша үй

  • Сәуір 16, 2026

    Ән-Нази'ат сүресі

  • Наурыз 13, 2026

    Махмұд Қашқари

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары