Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Түсті металдар – темірден басқа барлық металдардың өнеркәсіптік атауы. Физикалық және химиялық қасиеттері мен жер қыртысында орналасу сипатына қарай түсті метал

Түсті металдар

  • Басты бет
  • Түсті металдар

Түсті металдар – темірден басқа барлық металдардың өнеркәсіптік атауы. Физикалық және химиялық қасиеттері мен жер қыртысында орналасу сипатына қарай түсті металдар темір емес металдар деп те аталады.

хром

Түсті металдарды:

  • жеңіл (алюминий, магний, титан, бериллий, литий, т.б.),
  • ауыр (мыс, никель, кобальт, қорғасын, қалайы, мырыш, т.б.),
  • баяу балқитын (вольфрам, молибден, ниобий, тантал, хром, цирконий, т.б.),
  • асыл немесе қымбат бағалы (алтын, күміс, платина және платиндық металдар),
  • шашыранды (галлий, индий, таллий),
  • сирек жер (скандий, иттрий, лантан және барлық лантаноидтар),
  • радиоактивтік (технеций, франций, радий, полоний, актиний, торий, протактиний, уран және басқа трансуран элементтері) деген топтарға бөлуге болады.

Шектеулі мөлшерде өндіріліп, өндіріс саласында салыстырмалы түрде жуырда ғана қолданыла бастаған металдар сирек металдар деп аталады. Оларға барлық сирек, сирек жер және радиоактивтік, баяу балқитын металдардың көпшілігі мен кейбір жеңіл металдарды жатқызады. Түсті металдар мен олардың қорытпаларын өндіруде кентастық шикізатты өңдеуден бастап дайын өнім алуға дейінгі сатысын қамтитын саласын түсті металлургия деп атайды. Оның негізгі тармақтарына алюминийлік, никель-кобальттық, мыс, қорғасын-мырыштық, қалайылық, сирек металдық, вольфрам-молибдендік, титан-магнийлік, сүрмелік, балқыма шпаттық, электродтық, қатты қорытпалық, түсті металдарды өңдеу, арнайы шалаөткізгіштік, екіншілік металлургия жатады.
Қазақстанда химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі барлық түсті металдар өндіріледі.

Түсті металдар-дың ішіндегі ең көп таралғаны – мыс. Қазақстандағы алғашқы түсті металлургия кәсіпорны 1928 жылы Қарағанды облысында іске қосылды (мыс зауыты). Мыстың Қазақстандағы негізгі кен орындары: Қосқұдық, Милықұдық, Айнакөл, Злато (Жезқазған), Ақтоғай, Бозшакөл (Павлодар), Ақбастау, Құсмұрын (Шығыс Қазақстан), Көлсай (Алматы облысы), т.б. Қазақстан сондай-ақ, мырыш, қорғасын, вольфрам, ванадий өндіруде дүние жүзінде бірінші орынды иеленеді. Еліміздегі түсті металдарды өңдейтін ірі кәсіпорындар: Өскемен титан-магний комбинаты, “Қазмырыш”, “Южполиметалл”, “Қазалтын”, “Майқайыңалтын”, “Кастинг” т.б.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Маусым 27, 2026

    Электрондық пошта

  • Шілде 09, 2026

    Гвадалахара (провинция)

  • Сәуір 30, 2026

    Құбылай хан

  • Мамыр 01, 2026

    Айдаһар (шоқжұлдыз)

  • Маусым 18, 2026

    Ақсуат тауы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары