Оңтүстік кит (лат. Eubalaena) – тегіс киттер тұқымдасына жататын кит туысы. Дене ұзындығы 17,5 м, (жапондық түр тармағы, 21 м) дейін жетеді. Түсі сүр - қара, кейде құрсағында ақ дағы болады. Басы денесінен 3/1 ұзынырақ. Кеуде жүзбе канаттары жалпақ, төртсаусақты. Тұмсығының жоғары жағында мүйізді өсіндісі бар, оның үстінде көптеген мұртаяқты шаянтәрізділер мекендейді, кит биттері. Кит мұртының тақтайшалары биіктігі 2,6 м дейін, 260 жұпқа дейін жетеді. Төменгі жактың жиектері толкын тәрізді. 3 түр тармағы: бискай, (Атлант мұхитының солтүстік бөлімінде), жапон, (Тынық мұхиттың солтүстік бөлімінде) және австралиялық, (Оңтүстік жартышарлар). 1946 жылдан бастап аулауға тыйм салынған. ХТҚО мен КСРО-ның «Қызыл кітабына» тіркелген.
| Оңтүстік кит | ||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() ![]() | ||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
![]() E. glacialis E. australis E. japonica | ||||||||||||||
| Species | ||||||||||||||
|
Таралуы
Оңтүстік киттер Оңтүстік мұхиттың субполярлы және қоңыржай ендіктерінде, әдетте 30° мен 50° аралығында тұрады. Оңтүстік китті үнемі бақылау Оңтүстік Америка, Оңтүстік Африка, Австралия, Жаңа Зеландия және кіші субантарктикалық аралдар жағалауларынан жүзеге асырылады.
