Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Әбілғазы Қайыпұлы (туған жылы белгісіз — 1815) — хан. Хиуа ханы Қайып ханның үлкен ұлы, Батыр ханның немересі. Жас кезінде Бұхарадан Хиуаға әкелініп, 1767 жылды

Әбілғазы Қайыпұлы

  • Басты бет
  • Әбілғазы Қайыпұлы

Әбілғазы Қайыпұлы (туған жылы белгісіз — 1815) — хан. Хиуа ханы Қайып ханның үлкен ұлы, Батыр ханның немересі. Жас кезінде Бұхарадан Хиуаға әкелініп, 1767 жылдың аяғы — 1768 жылдың бас кезінде таққа отырғызылған. Бірақ ол Хиуа тағында Әбілғазы — ІІІ деген атпен жарты жыл, ал кейбір деректер бойынша бар болғаны бір ай шамасында ғана отырған. Хиуадан қуылғаннан кейін ол Сыр бойындағы атамекеніне оралып, Шекті руының сұлтаны, ал 18 ғ-дың 90-жылдары қарақалпақтардың ханы болды. Әкесі өлгеннен кейін Сырдарияның төменгі ағысы өңірінде шекті т.б. Әлімұлы бірлестігіне кіретін рулардың ханы болып сайланған (1794 — 1815). Ордасы Жанкент қаласы жұрты маңында орналасты. Қол астына 15 мыңдай отбасы қарады. өмірінің соңғы жылдарын руластарының қолдауынан айырылып, жоқшылықта өткізді. Жерленген орны белгісіз. Деректерде Арынғазы, Ілияс, Нұрым, Пысжан (Бошан), Арду, Ескендір, Елжан деген балаларының аттары кездеседі.

Әбілғазы хан
Лауазымы
Ту
Ту
Хиуа ханы
1767 — 1768
Ізашары Шах Ғазы хан
Ізбасары Нұрали хан
Ту
Ту
Кіші жүздің ханы
1791 — 1806
Ізашары Есім хан ІІ
Ізбасары Қаратай хан
Өмірбаяны
Діні Ислам
Қайтыс болуы 1815 (1815)
Династия Төре
Әкесі Қайып хан ІІ
Балалары Арынғазы хан
Ильяс сұлтан
Нұрым сұлтан
Бошан сұлтан
Арду
Ескендір сұлтан
Елжан сұлтан
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 07, 2026

    Дыбыс үндестігі

  • Сәуір 18, 2026

    Көк ет

  • Сәуір 06, 2026

    Беклер бегі

  • Сәуір 17, 2026

    Жетіген (аспап)

  • Наурыз 13, 2026

    Ақсу-Жабағылы қорығы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары