Құндызды – Обаған алабындағы өзен.
| Құндызды өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 95 км |
| Су алабының ауданы | 1420 км² |
| Су алабы | Обаған алабы |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Қойбағар ауылының тұсы |
| Сағасы | Теңіз көлі |
| • Координаттары | 52°58′06″ с. е. 64°59′43″ ш. б. / 52.96833° с. е. 64.99528° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°58′06″ с. е. 64°59′43″ ш. б. / 52.96833° с. е. 64.99528° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Қостанай облысы Қарасу ауданы |
Географиялық орны
Қостанай облысы Қарасу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 95 км, су жиналатын алабы 1420 км2, суының жылдык ағым көлемі 11 млн. м3.
Бастауы
Бастауын Қойбағар ауылы тұсынан алып, Теңіз көліне кұяды. Одан әрі өзен Обаған деп аталады.
Гидрологиясы
Ірі салалары: Егінсай, Терісбұтақ, Бұтақ, Қарамырза, Сүйіндік. Жоғарғы ағысында арнасы тік жартасты, Құндызды ауылынан кейін кеңейіп, жайылма пайда болады. Суы қараша айының ортасында қатып, наурыздың соңында ери бастайды. Өзен аңғарының басым бөлігі жыртылған. Алабы шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады.