Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Отаршылық соғыс - басқа халықтарды саяси, экономикалық дербестігінен айыру және өз үстемдігін орнату үшін шетел мемлекеттері жүргізген әскери қимылдар. Отаршылы

Отаршылық соғыс

  • Басты бет
  • Отаршылық соғыс

Отаршылық соғыс - басқа халықтарды саяси, экономикалық дербестігінен айыру және өз үстемдігін орнату үшін шетел мемлекеттері жүргізген әскери қимылдар. Отаршылық соғыс көне заманнан жүргізіліп келді. Мысалы, Ежелгі Египет, Вавилон, Ассирия, Хет, Грекия, Персия, Рим, Қытай, т.б. отаршылық соғыс негізінде құрылды. Орта ғасырларда құрылған араб халифатының, Ұлы Карлдың, моңғолдардың, Ақсақ Темірдің, Таң империясының, т.б. елдердің шапқыншылықтарын да отаршылық соғысқа жатқызуға болады. Отаршылық соғыс 17 ғасырда капиталистік қатынастар пайда болған кезде өрістей түсті. Соғыстар барысында бүкіл Америка құрлығында байырғы халықтардың өркениеті, халқы қырғынға ұшырап, еуропалықтардың үстемдігі орнады. Отаршылық соғысқа қатысқан испандықтар, португалдықтар, ағылшындар, француздар, орыстар аяусыз саясат ұстанды. АҚШ жерінде өмір сүрген байырғы тұргындардан қазіргі кезде не бәрі 40-50 мың әртүрлі тайпалар қалып, олар резервацияларда өмір сүруде. Отаршылық соғыс Азия және Африка халықтарына шексіз зиян келді. 20 ғасырға дейін алдыңғы қатарлы Түркия, Иран, Үндістан, Қытай елдері қарулы қақтығыстар мен отаршылық соғыстарда жеңіліп, тоналды. Үндістан, Индонезия, Қазақстан, Орта Азия, Сібір, Кавказ, Араб елдерінің шығысы, Африка, Тынық мұхит аралдары отарланды. Аталған елдер 2,5-3 ғасырлар бойы қаналып келді. Қаналушы халықтар ұлт-азаттық күрестер жүргізді. Солардың ішінде 19 ғасырдағы үнділер, индонезиялықтар, қытайлар, ирандықтар, арабтар, африкалықтар және кейбір славян халықтарының көтерілістерін айтуға болады. Кавказдағы тау халықтарының күресі 40 жылға, Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық қозғалысы 10 жылға созылды. Поляктардың Ресей патшалығына және Пруссияға қарсы көтерілістері, грек, серб және болгарлардың Осман империясына қарсы қозғалыстары тарихта үлкен орын алды. Қазақ халқының 18-20 ғасырлардағы орыс отаршыларына қарсы көтерілістері ұлт-азаттық күрес тарихында ерекше аталады. Сырым, Исатай-Махамбет, Жанқожа, Амангелді, т.б. батырлар бастаған көтерілістер әлемге халқымыздың ер мінезін танытты. Отаршылық соғыстың өршуі 20 ғасырда да орын алды. Оларды жүргізген Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Жапония, Ресей, Голландия, Португалия сияқты империалистік мемлекеттердің отарларға таласуы 1 және 2-дүниежүзілік соғыстардың басталуына алып келді. Өзара қырқыста Германия, Италия, Жапония жеңіліп, отарларынан айырылды. Ал калғандарының 20 ғасырдың 2-жартысында Африка мен Азияда жүргізген отаршылық соғыстары сәтсіздікке ұшырап, отарлары тәуелсіздікке қол жеткізді. КСРО-ның өзі де социал-империалистік мемлекет болды. Оның ыдырауына халықтардың наразылығы өз ықпалын тигізді. Қазіргі кезде әлемде 193 дербес мемлекет өмір сүруде. Әлі де 50-ден астам тәуелді аумақтар бар.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Үлкен түркептер

  • Сәуір 07, 2026

    Маралды (өзен)

  • Сәуір 15, 2026

    Украина елтаңбасы

  • Сәуір 12, 2026

    Арбау өлең

  • Наурыз 21, 2026

    Сүтқоректілер

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары