Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Шертпе күй — аспаптық дәстүрі өте көне және Қазақстанның түгелдей дерлік аймағына кең тараған дәстүр (Қазақстанның батысын қоспағанда, онда төкпе күй сақталған)

Шертпе күй

  • Басты бет
  • Шертпе күй

Шертпе күй — аспаптық дәстүрі өте көне және Қазақстанның түгелдей дерлік аймағына кең тараған дәстүр (Қазақстанның батысын қоспағанда, онда төкпе күй сақталған).

Шертпе күй деп ел арасында домбыраға арналған күйлердің ертеден сақталған, бірақ өте жоғары дамыған өзіндік бір ерекше мақамы бар айырықша күйде орындалатын түрін айтады. Шертпе күйлер негізінен лирикалық сезімге бай, бұларда пәлсапашылдық — ойға шомып жан-дүниеге түрткі салатын сыршылдық басым. Ең көп тараған шертпе күйлер Арқаның күйлері (Сары Арқа, Орталық Қазақстан өңірі) оның бәйтерегі Тәттімбет (1815—1862). 20 ғ. Тәттімбеттің ізбасарлары Әбікен Хасенов пен Мағауия Хамзин.

Шертпе күйдің Қаратау өңірі (Қазақстанның оңтүстігі) аймағындағы дәстүрі кенжелеп кейін дамыды. Оған әрине қатарлас, көршілес жатқан Арқа дәстүрінің әсері тиді және басқада дәстүрлер қобыз күйінің, кей тұста домбыра тартудың өзгеше сипаты төкпе күйлік әсеріде сезіледі. Шертпе күйлердің қаратаулық дәстүрі аты аңызға айналған ұлы Сүгір Әліұлы (1882—1961 ж.) есімімен тығыз байланысты. Сүгірдің жолын қуған оның шығармаларының кең таралуына өз үлестерін қосқан тамаша музыкант күйші Төлеген Момбеков болды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 07, 2026

    Сикстин капелласы

  • Сәуір 04, 2026

    Юлий Цезарь

  • Сәуір 04, 2026

    Тан әулеті

  • Наурыз 21, 2026

    Агрегаттық күй

  • Сәуір 06, 2026

    Көркем шығарма

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары