Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Матай жотасы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының қиыр оңтүстік шетіндегі жоталар тобы. Оңтүстік-батысында Шолақ тауымен, солтүстік-шығысында Алтынемел жотасымен шектес

Матай жотасы

  • Басты бет
  • Матай жотасы

Матай жотасы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының қиыр оңтүстік шетіндегі жоталар тобы. Оңтүстік-батысында Шолақ тауымен, солтүстік-шығысында Алтынемел жотасымен шектеседі. Ол ендік бойымен 40-45 км-ге созылып жатыр.

Матай жотасы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Жетісу (Жоңғар) Алатауы

Пайда болған кезеңі

Палеозой

Ұзындығы

40-45 км

Биіктігі

2880 м

Орналасуы

44°09′55″ с. е. 78°26′46″ ш. б. / 44.16528° с. е. 78.44611° ш. б. / 44.16528; 78.44611 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°09′55″ с. е. 78°26′46″ ш. б. / 44.16528° с. е. 78.44611° ш. б. / 44.16528; 78.44611 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Жетісу облысы

Матай жотасы (Қазақстан)
Матай жотасы (Қазақстан)
Матай жотасы
Матай жотасы (Жетісу облысы)
Матай жотасы

Мазмұны

Жер бедері

Матай жотасының сілемдерінің жер бедері күрделі, солтүстік-батыс беткейінде тік шатқалдар көп, ал оңтүстік-шығыс беткейі біртіндеп жазыққа ұласады. Одан көптеген өзендер бастау алады, ең биік жері 2880 м, батыстан шығысқа қарай Көтексу, Сеперлі, Алтынемел асулары орналасқан, олардан қыс мезгілінде өту қиын.

Геологиялық құрылымы

Жота палеозой кезеңінің герцин тау түзілу кезеңінде пайда болған.

Климаты, топырағы мен өсімдігі

Климаты тым континенттік. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500-750 мм. Етегіндегі тау алды шөлейтінің бозғылт қоңыр топырағы тау басына қарай қызыл қоңыр, күңгірт қоңыр, қара қоңыр топырақ жамылғысына ауысады. Тау баурайында жусан, изен,бетеге, селеу, 1000 — 1200 м биіктікте тянь-шаньдық шалғын шөп өседі.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Аза малы

  • Наурыз 11, 2026

    Жер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізімі

  • Наурыз 29, 2026

    Сабақтас құрмалас сөйлем

  • Сәуір 07, 2026

    Абәсә сүресі

  • Сәуір 08, 2026

    Билокси (Миссисипи)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары