Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қазақстан Республикасының Президенті 2009 жылы халықаралық деңгейдегі университет құру туралы жобаға бастамашылық етті. 2010 жылы Назарбаев Университетінің есіг

Назарбаев Университеті

  • Басты бет
  • Назарбаев Университеті

Назарбаев Университетi — Астана қаласында орналасқан халықаралық ағылшын тілді жоғары оқу орны.

Назарбаев Университетi
Университет атауы
Халықаралық атауы ағылш. Nazarbayev University
Жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы 2010 жыл
Түрі Дербес зерттеу университеті
Орналасуы
Орналасқан жері Астана,  Қазақстан
Мекенжайы 010000, Астана қаласы, Қабанбай Батыр даңғылы, 53
Әкімшілік
Президенті Ахмад Вакар
Негізгі көрсеткіштер
Студенттер 7 089 (2023 жыл)
Шетел студенттері 209 (2.9%)
Бакалавриат 4790
Магистратура 1119
Докторантура 413
Сайты nu.edu.kz
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Қазақстан Республикасының Президенті 2009 жылы халықаралық деңгейдегі университет құру туралы жобаға бастамашылық етті. 2010 жылы Назарбаев Университетінің есігі алғашқы студенттерге ашылды.

Мазмұны

Университеттің тарихы

2006 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында халықаралық деңгейдегі университет құру туралы ойымен бөлісті. 2010 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қатысуымен Назарбаев Университетінің ашылу салтанаты өтті. Университетке дербестік мәртебесі «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес берілді.

2009 жылғы 25 қыркүйекте Аслан Сәрінжіпов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес «Астананың жаңа университеті» АҚ (бұрынғы Назарбаев Университетінің атауы) президенті болып тағайындалды.

2010 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.К. Мәсімов Астананың Жаңа университетінің даму стратегиясын талқылау мақсатында халықаралық академиялық, ғылыми және іскерлік қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді.

2010 жылғы 28 қарашада Аслан Сәрінжіповтің атқару кеңесінің төрағасы болып тағайындалуын премьер-министр кеңсесінің басшысы бекітті.

Назарбаев Университеті ДББҰ Жоғарғы Қамқоршылық Кеңесінің 2011 жылғы 16 маусымдағы хаттамасына сәйкес Шигео Катсу университеттің президенті болып тағайындалды.

2015 жылдың 15 маусымында Назарбаев Университеті студенттерінің алғашқы оқу бітіру рәсімі өтті. Бұл күні 446 студент бакалавриат және магистратура бағдарлама түлектері атанды.

2015 жылғы тамыз айында Назарбаев Университетінің Медицина Мектебі ашылып, Медицина докторы (M.D.) бағдарламасына алғашқы студенттер қабылданды.

2015 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Назарбаев Университеті» автономды білім беру ұйымына зерттеу университеті мәртебесі беріліп, сондай-ақ «Назарбаев Университеті» автономды білім беру ұйымының 2016–2020 жылдарға арналған зерттеу университетін дамыту бағдарламасы бекітілді.

2016 жылы ABC Quick Start Acceleration алғашқы бағдарламасы іске қосылды.

2017 жылы Азия университеттері альянсы құрылды. Сондай-ақ EUA тәуелсіз сыртқы бағалауының есебі жарияланды.

2018 жылы Назарбаев Университетінің 2018–2030 жылдарға арналған стратегиясы Жоғары қамқоршылық кеңес тарапынан бекітілді.

2019 жылы Инженерия мектебі, Ғылым және технологиялар мектебі, сондай-ақ Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі қайта құрылып, екі мектепке біріктірілді: Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі және Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі.

2020 жылы Назарбаев Университетінің университетке дейінгі дайындық бағдарламасы BALEAP халықаралық аккредитациясынан сәтті өтті. Сондай-ақ 2020 жылы НУ-дың Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің магистратура бағдарламалары Мемлекеттік және муниципалдық басқару саласындағы бағдарламаларды аккредиттеу жөніндегі Еуропалық қауымдастық (EAPAA) тарапынан аккредиттелді.

2021 жылы Университеттік медициналық орталық (UMC) біртұтас медициналық орталық ретінде JCI халықаралық аккредитациясынан өтті. Назарбаев Университеті Еуропалық университеттер қауымдастығының және Академиялық адалдық жөніндегі Еуропалық желінің толыққанды мүшесі атанды.

2023 жылғы қыркүйекте университет алғаш рет Times Higher Education халықаралық рейтингіне енгізіліп, комиссия бағалаған 1904 халықаралық университеттің қатарына кірді. Бағалау қорытындысы бойынша университет 500–600 орын аралығына ие болып, рейтингтегі үздік 30 % университеттің қатарына енді. Бұл көрсеткіш елдегі және өңірдегі кез келген университеттен жоғары. 50 жылдан жас университеттер арасында Назарбаев Университеті әлем бойынша 69-орынға ие болды. Халықаралық рейтингтерге сәйкес университет Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы ең үздік университет болып танылды. 2024 жылы NU Times Higher Education нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік университеттердің 24–29 % қатарына кірді. Университеттің келесі стратегиялық мақсаты — THE World University Rankings рейтингіндегі үздік 20 % университеттің қатарына ену.

Инфрақұрылымы

Жаңа университет Астананың сол жағалауында қаланың экологиялық таза бөлігінде орналасқан.

Университеттің сәулеті қазіргі заманға және үздік батыс стандарттарына сай. Барлық оқу ғимараттары бір бірімен ортақ атриум және ішкі өту дәліздер арқылы байланысқан - бұл кешеннің тұтастығын және сәулеттің ерекшелігін көрсетеді. Зертханаларға және басқа ғимараттарға қызмет көрсету құрылыстың бас ғимараттың сыртындағы айналма жол арқылы жасалады.

Жаңа университет, өзінің жобалық көлемдігіне байланысты пайдалануға бірнеше кезеңімен немесе кезекшілікпен қосылады.

2010 жылдың басында құрылыстың негізгі кезегінің аяқталуы күтілуде. Осы кезектің объекттер құрылысының жалпы көлемі 122 мың шаршы метрді құрайды.

Құрылымы

NU-да бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынатын 8 мектеп бар:

  1. Дайындық мектебі (Foundation)
  2. Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі (бакалавриат, магистратура, докторантура)
  3. Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі (бакалавриат, магистратура, докторантура)
  4. Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (магистратура, докторантура)
  5. Жоғары білім беру мектебі (магистратура, докторантура)
  6. Жоғары бизнес мектебі (бакалавриат, магистратура, докторантура)
  7. Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі (бакалавриат, магистратура, докторантура)
  8. Медицина мектебі (бакалавриат, магистратура, докторантура, резидентура)

Еншілес мекемелер

  • «University Medical Center» корпоративтік қоры
    • «UMC-Facility» ЖШС
    • «Innovation Medical Engineering Center» ЖШС
    • «Шымкент жүрек орталығы» КеАҚ
  • «NAC Analytica» корпоративтік қоры
  • «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қоры
  • «National Conservation Initiative» корпоративтік қоры
  • «Жасанды интеллект саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау қоры» корпоративтік қоры
  • «National Laboratory Astana» жеке мекемесі
  • «Nazarbayev University Research Administration» жеке мекемесі
  • «Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence» жеке мекемесі
  • «Nazarbayev University IT Support» жеке мекемесі
  • «University Service Management» жеке мекемесі
  • «Салынып жатқан кәсіпорын дирекциясы» жеке мекемесі
  • «Білімді жетілдіру орталығы» ЖШС

Жатын орын мен тамағы

Студенттердің университет жатақханасында жайлы тұрулары үшін барлық қажетті жағдай жасалған: жиһаз, Интернетке кіру, кір жуатын орын, сабақ оқуға арналған бөлмелер бар. Бұл оқу орнында тек мемлекет тарапынан тағайындалған грант иегерлері оқитындықтан, негізінен жатын орын мен тамақтану тегін (күніне 4 рет).

Ғылыми зерттеу

  • Advanced Robotics and Mechatronics Systems Laboratory (ARMS Lab)
  • Astana LAboratory for Robotic and Intelligent Systems (ALARIS)
  • Laboratory of Medicinal and Molecular Electrochemistry (LAM Group) Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2015 жылы.
  • Advanced Materials Research & Laser Technologies (AMRELAT) Laboratory
  • Bioinspired Microelectronics Systems Group

Сілтемелер

  • http://personal.akorda.kz/kz/category/projects/1262 Мұрағатталған 20 маусымның 2019 жылы.
  • http://massaget.kz/bilim/bilim-ordalary/azastan-/809
  • http://cep.conference.nu.edu.kz/kz/conf2011/about_nazarbayev_university/ Мұрағатталған 13 сәуірдің 2012 жылы.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Nazarbayev University
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 10, 2026

    Ұзынағаш (Алматы облысы)

  • Наурыз 21, 2026

    Ертегі

  • Наурыз 22, 2026

    Бұқаралық ақпарат құралдары

  • Сәуір 06, 2026

    Атбасар жазығы

  • Сәуір 07, 2026

    Грузин тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары