Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Үкібай сөзге тапқыр, от ауызды, орақ тілді шешен адам болған. Сол себепті оны Шоң би қадір тұтқан. 1831 жылы Орта жүздің Қаржас және Қанжығалы рулары арасында Е

Үкібай Найзабекұлы

  • Басты бет
  • Үкібай Найзабекұлы

Үкібай Найзабекұлы (1778–1856) — би. Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.

Үкібай сөзге тапқыр, от ауызды, орақ тілді шешен адам болған. Сол себепті оны Шоң би қадір тұтқан. 1831 жылы Орта жүздің Қаржас және Қанжығалы рулары арасында Ереймен қыраттары үшін таласта жеті адам мерт болады. Орыс жағы әкімшілік заңымен екі жақты бітімге келтіре алмағаннан кейін істі қазақтардың өзіне тапсырады. Билердің келісімі бойынша бұл даулы мәселені Үкібай шешеді. 1833 жылы Баянауыл округінің құрамына кіретін Сатылған — Алтынторы болысының басшысы болып сайланған. 1839 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторының жарлығы бойынша Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан болыстар ыдыратылып, басқа болыстарға таратылып берілді. Бұл іске Үкібай араласып, Сатылған — Алтынторы болысын ыдыратпай аман алып қалған. Үкібайдың билігі жөнінде ел аузында көптеген аңыз-әңгімелер сақталған.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Шортанды ауданы

  • Сәуір 10, 2026

    Табиғат философиясының математикалық қағидалары

  • Сәуір 19, 2026

    Меркі (айрық)

  • Сәуір 15, 2026

    Достық ордені

  • Наурыз 11, 2026

    Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары