Әндіжан облысы (өзб. Andijon viloyati) — Ферғана аңғары өңіріндегі, елдіңшығыс бөлігінде орналасқан Өзбекстан облысы. Әкімшілік орталығы – Андижан қаласы. Облыстың басқа үлкен қалалары – Асака, Ханабад, Карасу. Облыстаң халық саны 2 672 330 (2011 жыл бойынша)-бұл ел ішінде төртінші көрсеткіш.
| Облыс | |
| Әндіжан облысы | |
| өзб. Andijon viloyati | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | 14 аудан |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 1941 жыл 6 наурыз |
| Жер аумағы | 4 240 км² (13 орын) |
| Ірі қалалары | Асака, Ханабад, Карасу |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 2 672 330 адам (2011)(4 орын) |
| Тығыздығы | 636,26 адам/км² (2 орын) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Аббревиатура | UZ-AN |
| Автомобиль коды | 60 — 69 |
|
| |
Қырғызстанмен, Ферғана облысымен және Наманган облыстарымен шектеседі.Облыстаң жер аумағы – 4 240 км².
Әкімшілік бөлінуі
| № | Ауданы | Орталығы | Халық саны |
|---|---|---|---|
| 1 | Әндіжан ауданы | Күйганяр | 261 796 |
| 2 | Асака ауданы | Асака | 325 729 |
| 3 | Балықшы ауданы | Балықшы | 199 325 |
| 4 | Боз ауданы | Боз | 71 655 |
| 5 | Бұлақбасы ауданы | Бұлақбасы | 141 905 |
| 6 | Ізбасқан ауданы | Пайтуғ | 236 401 |
| 7 | Жалақұдық ауданы | Жалаңқұдық | 184 834 |
| 8 | Қожаабат ауданы | Қожаабат | 109 481 |
| 9 | Қорғантепе ауданы | Қорғантепе | 214 832 |
| 10 | Мархамат ауданы | Мархамат | 172 116 |
| 11 | Алтынкөл ауданы | Алтынкөл | 176 665 |
| 12 | Пахтаабат ауданы | Пахтаабат | 191 686 |
| 13 | Шаһрихан ауданы | Шаһрихан | 297 642 |
| 14 | Ұлықнұр ауданы | Ақалтын | 59 322 |
Облыстың әкімшілік ауданы — Әндіжан қаласы, облыстың ең үлкен қаласы болып табылады (400 мыңдай адам). Облыста 12 қала, 5 қала тектес ауыл және 95 ауыл бар.
Экономикасы
Облыс экономикасының шикізат өндірудегі басты салалары – мұнай және табиғи газ, әктас және озокерит өндіру.Қолайлы жылы климаттың арқасында бұнда мақта, жібек, қарбыз-қауын сияқты жеміс-дәндер өсіріледі.
