Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Түрік Әуе Жолдары (түр. Türk Hava Yolları (THY), ағылш. Turkish Airlines) — Түркияның ұлттық әуетасымалдаушысы. Штаб пәтері Ыстамбұлда орналасқан. Ол Еуропа, Аз

Turkish Airlines

  • Басты бет
  • Turkish Airlines


Түрік Әуе Жолдары (түр. Türk Hava Yolları (THY), ағылш. Turkish Airlines) — Түркияның ұлттық әуетасымалдаушысы. Штаб пәтері Ыстамбұлда орналасқан. Ол Еуропа, Азия, Африка және Америка елдеріндегі 120 халықаралық және 37 ішкі қалаға ұшып, 38 ішкі және 158 халықаралық әуежайға қызмет көрметеді. Әуекомпанияның негізгі тұрғылықты орны Ататүрк Халықаралық Әуежайы болып табылады. Есенбога Халықаралық Әуежайы мен Аднан Мендерес Халықаралық Әуежайы екінші дәрежелі хабтары болып табылады. 2006, 2007 және 2008 жылдары, THY 17 миллион 19.7 миллион және 22.5 миллион жолаушы тасымалдап, жалпы есеппен US$2.23, US$3.0 және US$4.5 миллиард кіріс тапты. Әуекомпанияның шамамен 12,000 жұмыскері бар. 2008 жылдың бірінші сәуірінен бастап Түрік Әуежолдары Star Alliance-тың толыққанды мүшесі.

Түрік Әуе Жолдары
Türk Hava Yolları
ИАТА
TK
ИКАО
THY
Шақыру белгісі
TURKISH
Құрылған жылы1933 жыдың 20 мамыры
ХабтарАтатүрк Халықаралық Әуежайы
Екінші дәрежелі хабтар
  • Есенбога Халықаралық Әуежайы
  • Аднан Мендерес Халықаралық Әуежайы
АльянсStar Alliance
Әуе паркінің саны304 (+19 Тапсырыс, +3 Опция)(incl.subsidiaries)
Ұшу бағыттарының саны280(38 ішкі + 242 халықаралық)
Штаб-пәтеріЫстамбұл, Түркия
БасшыларыТемел Котил (Президент)
Кандан Карлитекин (Төраға)
Сайты: turkishairlines.com

Мазмұны

Ұшу бағыттары

 
Түрік Әуежолдары Бағыттары.     Түркия      Түрік Әуежолдары Бағыттары

Толығырақ: Түрік Әуежолдары Бағыттары Түрік Әуежолдарының AnadoluJet атты Low-Coster компаниясы бар. Ұлтық Әуекомпанияның басты бәсекелестері болып Atlasjet, Onur Air және Pegasus болып табылады.

Түрік Әуежолдары Бағыттарының интерактивті картасын осы сайтта қарай аласыз [2]

Код бөлісу

 
Түрік Әуе Жолдарының штаб пәтері
 
Түрік Әуежолдары ұшағы Star Alliance логосымен, Бейжің Халықаралық Әуежайы, 3 терминал, 30 наурыз 2008, Альянсқа кірерге екі күн бұрын.

Түрік Әуежолдары келесі тасымалдаушылармен код бөлісу келісіміне отырған:

  • Aegean Airlines
  • Air Algérie
  • Air Astana
  • Air Canada
  • Air China
  • Air Europa
  • Air India
  • Air Malta
  • Air Moldova
  • Air New Zealand
  • Air Serbia
  • All Nippon Airways
  • Asiana Airlines
  • Avianca
  • Air Albania
  • Azerbaijan Airlines
  • Azul Brazilian Airlines
  • Bangkok Airways
  • Belavia
  • Copa Airlines
  • Croatia Airlines
  • EgyptAir
  • Ethiopian Airlines
  • Etihad Airways
  • EVA Air
  • Garuda Indonesia
  • Gulf Air
  • Hawaiian Airlines
  • Hong Kong Airlines
  • IndiGo
  • JetBlue
  • Kuwait Airways
  • LOT Polish Airlines
  • Lufthansa
  • Luxair
  • Malaysia Airlines
  • Malindo Air
  • Middle East Airlines
  • Oman Air
  • Pakistan International Airlines
  • Philippine Airlines
  • Royal Air Maroc
  • Royal Brunei Airlines
  • Royal Jordanian
  • RwandAir
  • Scandinavian Airlines
  • Singapore Airlines
  • TAP Air Portugal
  • TAROM
  • Thai Airways
  • Ukraine International Airlines
  • United Airlines
  • Utair
  • Uzbekistan Airways

Әуепаркі

Түрік Әуежолдарының паркі 132 ұшақтан құралған (2009 жылғы маусым айына сәйкес):

Түрік Әуежолдары Әуе Паркі
Ұшақ атауы Қызметте Тапсырыстар Жолаушылар
(Бірінші/Бизнес/Эконом класс)
Бағыттары Қосымша
Airbus A319-100 4 – 124 (0/0/124) Ішкі, қысқа және орта қашықтықтарға арналған
Airbus A320-200 22 – 150 (0/16/134) Ішкі, қысқа және орта қашықтықтарға арналған
Airbus A321-200 20 – 186/195/202 Африка, Еуропа, Батыс Азия, Таяу Шағыс, Алматы, Карачи Төртеуінің Бортында Сұраныс бойынша Видео (AVOD) бар. Эконом Және Бизнес кластар
Airbus A330-200 7 2 250 (0/22/228) Африка, Еуропа, Таяу Шағыс, Қиыр Шағыс, Чикаго-O'Hare, Нью-Йорк - JFK және Торонто-Pearson 2010 жылдың тамыз айында жеткізілу басталады
Airbus A330-300 – 5 (+3 options) TBD TBD 2010 жылдың тамыз айында жеткізілу басталады
Airbus A340-300 9 – 271 (0/34/237) Африка, Қиыр Шағыс, Чикаго-O'Hare, Нью-Йорк - JFK және Торонто-Pearson және Сан Паоло-Guarulhos
Boeing 737-400 5 – 150 (0/12/138)
166 (0/0/166)
Ішкі Anadolujet-ге лизингіге берілді (1)
Boeing 737-700 4 – 149 (0/0/149) Ішкі, қысқа және орта қашықтықтарға арналған Anadolujet-ге лизингіге берілді (4).
Boeing 737-800 51 – 165 (0/12/147)
189 (0/0/189)
Ішкі, қысқа және орта қашықтықтарға арналған
Boeing 777-300ER 5 12 312 (8/30/274) Банкок, Гонконг, Лондон, Сингапур және Сеул Jet Airways-ге лизингіге берілді (4)
Барлығы 128 19 2009 жылдың маусымы
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 14, 2026

    Шөже Қаржаубайұлы

  • Сәуір 05, 2026

    Багам аралдары

  • Сәуір 03, 2026

    Түркістан қаласы

  • Сәуір 06, 2026

    Иса Мәсіх

  • Сәуір 06, 2026

    Баск тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары