Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Боралдай (1176 — 1262) — қият руынан шыққан моңғол империясының қолбасшысы, Батудың түменбасыларының бірі.Сүбедей баһадүрдің досы әрі жақтастарының бірі. 1236-1

Боралдай (түменбасы)

  • Басты бет
  • Боралдай (түменбасы)

Боралдай (1176 — 1262) — қият руынан шыққан моңғол империясының қолбасшысы, Батудың түменбасыларының бірі.Сүбедей баһадүрдің досы әрі жақтастарының бірі. 1236-1242 жылдардағы мыңқолдардың батысқа жорығын басқарушылардың бірі, кейіннен Алтын Орданың батыс бөлігіне иелік еткен.

Өмірбаяны

Боралдай 1236 жылы Еділ Бұлғариясына, 1237/1238 жылы Солтүстік-Шығыс Руське қарсы жорыққа қатысқан. Рязан, Владимирді алып, Коломнодағы шайқастан кейін моңғол әскерлері екіге бөлінеді. Боралдай екінші дәрежелі күшпен солтүстікті бетке алып, Ростов, Ярославль, Углич, Галич-Мерский және Вологда қалаларын ойрандады. Тұтқиылдан жасалған шабуылдың нәтижесінде Боралдай әскерлері Сити өзені бойында орыс әскерлерін талқандап, ұлы кнәзді өлтірді. 1240 жылы Боралдай Киівті алуға қатысты. Боралдайдың кейінгі батыс жорықтарына қатысқаны жайлы деректер жоқ. 1241 жылы Батуға Польшаны және Галицк-Волынь кнәздіктерін жаулап алуға көмектесті. 1251 жылы Моңғол империясындағы тақ таласы кезінде Бату 100 мыңдық әскерді Боралдайға беріп Мөңкеге Шағатай хан ұрпақтарына қарсы көмек ретінде Отырарға аттандырады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 11, 2026

    Алтай таулары

  • Сәуір 09, 2026

    Борлы (құдық)

  • Сәуір 10, 2026

    Күрті ауданы

  • Сәуір 13, 2026

    Ақсары ауданы

  • Наурыз 21, 2026

    Жұлын

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары