Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қызыл алаң— Мәскеудің орталық алаңы, орыс тарихындағы және Кеңестер билігіндегі маңызды арена, астана еңбекшілерінің демонстрациясы мен Ресей Қарулы Күштерінің

Қызыл алаң

  • Басты бет
  • Қызыл алаң

Қызыл алаң— Мәскеудің орталық алаңы, орыс тарихындағы және Кеңестер билігіндегі маңызды арена, астана еңбекшілерінің демонстрациясы мен Ресей Қарулы Күштерінің парады өтетін орын. 15 ғ-да Мәскеу Кремлі қабырғалары салынғанда іргесінде бос жер қалып, алаң (Қызыл алаң) пайда болған. 1508—16 ж. қорғаныс мақсатымен Ң. а-да Кремль қа-бырғасыңың ен бойымен ор (тереңдігі 9,6 м-ден 12,8 ж-ге дейін, ені 36 м) қазылды. Спасск, Никольск қақпаларына ордың үстінен көпір тартылды (1812 жылдан кейін бұл ор тегістелген). Алаңның шығыс жиегіне сауда-саттық құрылыстары орналасты. Ол кезде Қызыл алаң сол арадағы шіркеудің атымен — Троицк алаңы, 1571 жылғы өрттен кейін — Өрт алаңы, 17 ғ-дың 2-жартысынан Қызыл алаң (қырмызы, сұлу алаң) аталған. Қызыл алаң архитектуралық ансамблінің қалыптасуында Кремльдің Спасск, Сенат, Никольск мұнаралары тұрған қабырғасы және Қазанды алу құрметіне 1555—60 ж. салынған Покров соборы аса маңызды роль атқарды. 16 ғ-дың 30 жылдары алаңда мінбе тәрізденген сөре жасалды, оны «Лобное место» деп атады; сол жерден патша, дін басылары халыққа сөз сөйлейтін болды. 1685 жылдан бастап «Лобное место» барша халық алдында қылмыстыларды жазалау орны болып ресми түрде жарияланды (1786 ж. арх. М. Ф. Казаковтың жобасы бойынша салынған «Лобное место» қазірге дейін сақталған). 1679 ж. Қызыл алаң айрықша нұсқау бойынша сауда-саттық дүкендерінің тізбегінен шығып, бытысып кеткен құрылыстардан тазартылды. 17 ғ-дың аяғында Қызыл алаңда бірнеше әкімшілік құрылыстары салынды. 18 ғ-дың басында Мәскеудің мәдени өмірі Қызыл алаң төңірегіне шоғырланды. Спасск қақпасы маңында кітап саудасы (17 ғ-дан 18 ғ-дың аяғына дейін болған) және алғашқы көпшілік кітапханасы, Никольск қақпасы маңында театр («комедийная хоромина») пайда болды. 1755 ж. Бас дәріхананың уйінде Мәскеу университеті, 1785 жылдан Қалалық дума ашылды.

1786 ж. бұрынғы сауда-саттық орындарының құрылыстары (Дж. Кваренгидің жобасы бойынша) қайта салынды, сол кезде Кремль қабарғасына қарама-қарсы бетте жаңа корпус пайда болды. 1812 ж. Отан соғысы кезінде қираған бұл үй 1814—15 ж. (О. И. Бовенің жобасы бойынша) қайта тұрғызылды. 1818 ж. оның алдында Минин мен Пожарскийге ескерткіш орнатылды (мүсінші И. П. Мартос; Қызыл алаңнан мапганалардың өтуіне, парад жүруіне бөгет болмас үшін бұл ескерткіш 1930 ж. Покров соборына қарай жылжытылды). 19 ғ-дың соңғы шерегінде Қызыл алаңда жаңа құрылыстар көбейді. 1875—81 ж. Тарихи музепдің үйі (арх. В. О. Шервуд), 1889—93 ж. Жоғарғы (арх. А. Н. Померанцев) және 1892 ж. Ортаңғы (арх. Р. И. Клейн) қатардағы сауда-саттық үйлері бой көтерді.

Қызыл алаң орыс тарихындағы көптеген оқиғалардың аренасы болды. «Тұз бүлігі» (1648), «Мыс бүлігі» (1662), Атқыштар көтөрілісі (1682) сияқты халықтық қозғалыстар Қызыл алаңның атымен байланысты. Мәскеуде Кеңес өкіметін орнату күресіне шыққан (двиналық) революцияшыл солдаттар 1917 ж. 27 қазанда (9 қараша) Қызыл алаңда юнкерлермен соғысты. Двиналықтардан 70 адам қаза тапты. Москвада соц. рево-люцияның жеңісі жолында қаза тапқан осы жауынгерлерді жерлеу 1917 ш. 10(23) қараша күні Қызыл алаңда салтанатты түрде өткізілді. В. И. Ленин талай рет Қызыл алаңнан сөз сөйледі. 1924 ж. Қызыл алаңда Мавзолейге (арх. А. В. Щусев) В. И. Лениннің мәйіті қойылды. Мавзолей әуелде ағаштан салынған, 1930 ж. тастан қаланды, 1930—31 ж. трибуналар жасалып (арх. И. А. Француз), Кремль қабырғасының өн бойына шыршалар отырғызылды.

Әдебиет

3 е л е н е ц к и й И. К., История Красной площади, М.,1851; Фомин И. И„ Красная площадь в Москве, М„ 1909; История Москвы, т. 1—6, М„ 1952— 59; У Кремлёвской стены, М„ 1967.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Алакөл ауданы

  • Сәуір 26, 2026

    Әшір Шоқыбаев

  • Наурыз 20, 2026

    Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан

  • Наурыз 15, 2026

    Тұсаукесер

  • Наурыз 10, 2026

    Қарағанды облысы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары