Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Бенджамин Франклин (ағылш. Benjamin Franklin [ˈbɛndʒəmɪn ˈfɹæŋklɪn]; 17 қаңтар 1706, Бостон, Британ империясы — 17 сәуір 1790, Филадельфия, Пенсильвания, АҚШ) —

Бенджамин Франклин

  • Басты бет
  • Бенджамин Франклин

Бенджамин Франклин (ағылш. Benjamin Franklin [ˈbɛndʒəmɪn ˈfɹæŋklɪn]; 17 қаңтар 1706, Бостон, Британ империясы — 17 сәуір 1790, Филадельфия, Пенсильвания, АҚШ) — американдық ағартушы, мемлекет қайраткер, ғалым, дипломат, өнертапқыш, масон, жазушы, философ және полимат.

Бенджамин Франклин
ағылш. Benjamin Franklin
Бенджамин Франклин
Бенджамин Франклин портреті, Жозеф Дюплеси (Париж, 1785 жуық)
Бенджамин Франклин
Лауазымы
Ту
Ту
Пенсильвания Жоғары кеңесінің 6-шы президенті
Ту
Ту
18 қазан 1785 — 5 қараша 1788
Өмірбаяны
Азаматтығы Ұлыбритания Британ империясы
 АҚШ
Діні деизм
Дүниеге келуі 17 қаңтар 1706 (1706-01-17)
Бостон, Массачусетс, Британ империясы
Қайтыс болуы 17 сәуір 1790 (1790-04-17) (84 жас)
Филадельфия, Пенсильвания, АҚШ
Әкесі Джосайя Франклин
Анасы Абиа Фолджер
Жұбайы Дебора Рид
Балалары Уильям Франклин, Фрэнсис Фолджер Франклин,

Сара Франклин Бач

Қолтаңбасы Қолтаңбасы
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз
Франклин Бенджамин (Вениамин)
Бенджамина Франклина, суретші - Дэвид Мартин, 1767 ж.

1724–1726 жылдары Лондонда тұрған. 1727 жылы Филадельфияда өзінің жеке баспаханасын ашқан. Бос уақытын оқуға арнап, өз заманының білімді азаматына айналған. 1729–1748 жылдары “Пенсильвания газетін”, 1732–1758 жылдары “Кедей Ричардтың альманахы” жылдық журналын шығарды. Филадельфиядағы ағылшын отарында алғашқы көпшілік кітапхананың (1731), Американ философиялық қоғамының (1743), Филадельфия академиясының (1751) негізін қалады. 1737–1753 жылдары Пенсильвания почтмейстері, 1753–1774 жылдары бүкіл Солтүстік Америкадағы ағылшын отарларының почтмейстері болды. Франклин 1754 жылы Олбандағы отар өкілдерінің бірінші конгресін шақырудың бастамашысы болып, онда отарларды біріктірудің жоспарын ұсынды. 1757–1762 және 1765–1775 жылдар аралығында Лондонда Солтүстік Америкадағы отарлардың уәкілі болды. Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік жолындағы соғыс (1775–1783) басталысымен отанына оралып, америка халқының күресіне белсене қатысты. 1775 жылы мамырда 2-Құрлықтық конгреске сайланып, АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясын (1776) дайындауға қатысты. 1776–1785 жылдары Франклин АҚШ-тың Париждегі өкілі болып, АҚШ-тың халықаралық жағдайын нығайтуға үлес қосты. Оның қатысуымен және ықпалымен Америка-француз одағы туралы шартқа (1778), Версаль бітім шартына (1783) қол қойылып, нәтижесінде Ұлыбритания АҚШ-тың тәуелсіздігін таныды. 1785 жылы Пенсильвания штатының заң шығаратын жиналысының президенті болып сайланды. 1787 жылы ол АҚШ конституциясын демократияландыруға, құлдықты жоюға шақырды, аз ұлттардың құқұғын қорғады. Франклин табиғат пен қоғамдағы оқиғалардың табиғи ағымына құдайдың араласуы туралы шіркеулік ілімді декистік (деизм) тұрғыда теріске шығары. Әлеуметтік ин-ттар (жекеменшік, мемлекет, т.б.) пайда болуының мәселесін Франклин табиғи құқық пен қоғамдық шарт тұрғысынан қарастырды. Экономикалық мәселелерді зерттей отырып, ол алғашқылардың бірі болып құн ережесін ұсынды. Жаратылыстанушы ретінде Франклин ең алдымен электрге арналған еңбектерімен танымал. Ол электр тогының біртектілігі теориясын жасады. Франклин атмосфералық электрді зерттеген ең алғашқы ғалымдардың бірі, жай тартқыштың құрылымын ұсынған. Франклиннің көптеген ғылыми жаңалықтары мен ғылымға сіңірген еңбегі халықаралық деңгейде мойындалған. Ол бірнеше шетелдік академиялар мен қоғамдардың (соның ішінде Петербург ғылым академиясының, 1789) құрметті мүшесі болып сайланды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Максим Горький

  • Сәуір 10, 2026

    Бөген бөгені

  • Сәуір 05, 2026

    Ақжігіт (ауыл)

  • Наурыз 21, 2026

    Анаэробтар

  • Сәуір 06, 2026

    Жаңбыр суы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары