Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ақбұлақ уезі — Қырғыз АКСР-дағы Ақтөбе губерниясының 1922-1924 жылдары болған әкімшілік-аумақтық бірлігі.

Ақбұлақ уезі

  • Басты бет
  • Ақбұлақ уезі

Ақбұлақ уезі — Қырғыз АКСР-дағы Ақтөбе губерниясының 1922-1924 жылдары болған әкімшілік-аумақтық бірлігі.

Уез
Ақбұлақ уезі
Әкімшілігі
Ел

 КСРО

Кіреді

Ақтөбе губерниясы

Енеді

15 болыс

Әкімшілік орталығы

Ақбұлақ

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

5 шілде 1922

Таратылған уақыты

16 қаңтар 1924

Орталығы Ақбұлақ ауылы болған Ақбұлақ уезі 1922 жылы 5 шілдеде құрылған. Құрамында 15 болыс болды:

  • Ақбұлақ. Орталығы — Ақбұлақ а.
  • Астрахан. Орталығы — Астрахан а.
  • Бабатай көшпелі
  • Жиренқопа көшпелі
  • Елек көшпелі
  • Калинин. Орталығы — Калинин а.
  • Ново-Алексеев. Орталығы — Ново-Алексеев а.
  • Петропавлов. Орталығы — Петропавлов а.
  • Сазды. Орталығы — Сазды а.
  • Тамды көшпелі
  • Томарөткел көшпелі
  • Тұзтөбе көшпелі
  • Харьков. Орталығы — Харьков а.
  • Қобда көшпелі
  • Жайсан. Орталығы — Жайсан а.

1922 жылы 27 шілдеде Ойыл ауданынан Ақбұлақ уезіне 6 болыс: Беловодск (орталығы - Беловодск ауылы), Қайыңды көшпелі, Қарағанды көшпелі, Киелі-Ойыл көшпелі, Ново-Надеждинск (орталығы - Ново-Надеждинск ауылы), Преображенск (орталығы – Преображенск ауылы) көшірілді.

1923 жылдың басында Темір уезінің Бабатай болысы Қайыңды болысына қосылды.

1923 жылы 26 сәуірде Беловодск және Ново-Надеждинск болыстары Преображенскіге, Калинин және Петропавлов — Ново-Алексеевкіге, Николаев және Харьков — Жайсанға қосылды. Елек болысының орталығы Шашқан, Қарағанды болысыныкы — Қарағанды ауылы, Преображенск болысыныкы — Сазды ауылы, Тұзтөбе — Томарөткел ауылы болды. Қайыңды болысы Темір уезіне берілді.

1924 жылы 16 қаңтарда Ақбұлақ уезі таратылды. Оның аумағы Ақтөбе уезіне қосылды.

Әдебиет

  • Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 288 б. — 1500 таралым.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 25, 2026

    Кипр (арал)

  • Наурыз 21, 2026

    Сутегі

  • Сәуір 25, 2026

    Тасымалдаушы (фильм)

  • Сәуір 07, 2026

    Целиноград ауданы

  • Сәуір 18, 2026

    Еуро одақ

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары