Майкл Джон «Майк» Майерс (ағылш. Michael John «Mike» Myers; 25 мамыр 1963, Скарборо, Онтарио) — канадалық актёр, комик, сценарийші, продюссер.
| Майк Майерс | |
| Mike Myers | |
Майерс, 2017 жыл | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған кездегі есімі | Майкл Джон Майерс |
| Туған күні | 25 мамыр 1963 (62 жас) |
| Туған жері | Скарборо, Онтарио, Канада |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актёр, сценарийші, кинопродюсер |
| Бағыты | комедия |
| IMDb | |
«Остин Пауэрс» трилогиясындағы Остин Пауерс рөлімен көпшілікке кеңінен танымал болған. Алғаш рет экранға жарнамада түсіп шыққан. Көптеген телешоуларға қатысқан. 1999 жылы алғашқы комедия жанрынан басқа жанрдағы киноға түсті («Студия 54»). 2005 жылы «комиктің комигі» Майерс әлемдегі 50 үздік комиктің қатарына қосылды. Ол екі рет үйленген. Екінші некесінен бір ұлы бар. Түскен фильмдері қатарында «Уэйн әлемі» (1992), «Балтамен өлтірушіге осылай үйлендім» (1993), «Аляска құпиясы» (1999), «Атақсыз шаталар» (2009), т.б. болды.
