Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Енисей шығанағы — Солтүстік мұзды мұхиттың Қара теңізіне Енисей өзенінің құятын шығанағы. Мұхиттың басқа шығанақтарынан айырмашылығы - ол ұзын (ұз. 225 км), әрі

Енисей шығанағы

  • Басты бет
  • Енисей шығанағы

Енисей шығанағы — Солтүстік мұзды мұхиттың Қара теңізіне Енисей өзенінің құятын шығанағы. Мұхиттың басқа шығанақтарынан айырмашылығы - ол ұзын (ұз. 225 км), әрі тар. Шығанаққа кірер маңындағы ені 150 км-ге жетеді. Суының тереңдігі 5-20 м. Су деңгейінің жарты тәуліктік толысуы 0,4 м. Шығанаққа Енисейден басқа бірнеше кіші өзендер (Үлкен және Кіші Хета, Танаша) құяды. Суы жаз айларында 8-12 C-қа дейін жылиды. Қыркүйек айынан бастап жағалауын мұз басып, маусым айында ғана ериді. Енисей өзені сағасында шығанақ суының тұздылығы 3-10%-ті құрайды. Енисей шығанағының балық және теңіз жануарларын аулауда жергілікті халық үшін елеулі орны бар. Шығанақ Қиыр Солтүстік халықтарын керекті тауарлармен қамтамасыз етеді. Енисей шығанағының шығыс жағалауында Диксон порты орналасқан. Енисей өзенінің ірі порттары - Дудинка және Игарка қалаларына баратын теңіз жолы да осы шығанақ арқылы өтеді.

Енисей шығанағы
Енисей шығанағының орналасуы
Енисей шығанағының орналасуы
Сипаттамасы
ТүріШығанақ
Жағалау сызығының ұзындығы225 км
Тереңдігі20 м
Орналасуы
72°14′00″ с. е. 80°45′00″ ш. б. / 72.2333° с. е. 80.75° ш. б. / 72.2333; 80.75 (G) (O) (Я)Координаттар: 72°14′00″ с. е. 80°45′00″ ш. б. / 72.2333° с. е. 80.75° ш. б. / 72.2333; 80.75 (G) (O) (Я) (T)
Өзінен жоғары акваторияКара теңізі
Ел Ресей
АймақКраснодар өлкесі
Енисей шығанағы (Ресей)
Енисей шығанағы
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 15, 2026

    Сырдария көтерілісі

  • Сәуір 13, 2026

    Сылдырмақ (аспап)

  • Сәуір 26, 2026

    Шертпе күй

  • Сәуір 05, 2026

    Ай фазалары

  • Наурыз 22, 2026

    Мақала

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары