Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан. 1903 жылы оның үй іші Спасск зауытына көшіп барады. Екі кластық училищені бітірген соң, 1912 жылы зауыт

Орынбек Беков

  • Басты бет
  • Орынбек Беков

Орынбек Беков (Қарағанды облысы, Шет ауданы 1898 жыл - 13 наурыз 1937 жыл) - жазушы.

Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан. 1903 жылы оның үй іші Спасск зауытына көшіп барады. Екі кластық училищені бітірген соң, 1912 жылы зауытта түрлі қара жұмыстар істейді. Ақпан революциясынан кейін зауыттың саяси өміріне белсене араласады. Совдеп төрағасының орынбасары, еңбек бюросының төрағасы болады. 1919—1922 жылдары ревком төрағасы және жүмысшылар депу-таттары Спасск зауыт советі мен БК (б)П Спасск аудандық комитетінің мүшесі, хатшысы қызметтерін атқарды. 1923 жылы Қарқаралы уездік милициясының бастығы, одан соң Семей губерниялық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі болады. 1925 жылы БК(б)П Өлкелік Комитетінің шешімі бойынша Еңбек халық комиссариаты аппаратына қызметке ауысады. 1928 жылы Алматыда шығатын «Тілші» ғазетінің редакторы, ал 30-жылдары қазақ драма театрының директоры болды.

Мазмұны

Еңбегі

Әңгімелері мен өлеңдері республикалық газеттер мен «Жаңа әдебиет» журналының беттерінде жариялайды. 1928 жылы «Ұлы істің игілігі үшін» атты публицистикалық мақалалары, 1931 жылы «Советбике» повесі жеке кітап болып шықты.

Шығармалары

  • Ұлы істің игілігі үшін. Публицистикалық мақалалар. А., ҚМКӘБ, 1928;
  • Советбике. Повесть. А., ҚМ КӨБ, 1931.

Сілтемелер

  • БЕКОВ Орумбек (Орынбек) 26 маусымның 2015 жылы.
  • Список поэтов и писателей
  • Беков Орынбек 26 маусымның 2015 жылы.
  • БЕКОВ ОРЫНБЕК 26 маусымның 2015 жылы.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 19, 2026

    Жер салығы

  • Сәуір 04, 2026

    Түрік қағандығы

  • Сәуір 08, 2026

    Солтүстік Кавказ

  • Сәуір 05, 2026

    Бинарлық номенклатура

  • Сәуір 10, 2026

    Байғазы (ауыл)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары