Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Керімберді, Кәрімберді (тат. Kärimbirde xan) – Алтын Орда ханы (1412/13 – 1414/16), Тоқтамыс ханның баласы.

Керімберді хан

  • Басты бет
  • Керімберді хан

Керімберді, Кәрімберді (тат. Kärimbirde xan) – Алтын Орда ханы (1412/13 – 1414/16), Тоқтамыс ханның баласы.

Керімберді хан
Лауазымы
Алтын Орданың 38-ші ханы
1412 — 1414
Ізашары Жәлеләддин хан
Ізбасары Кепек хан
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі белгісіз
Қайтыс болуы 1414 (1414)
Әкесі Тоқтамыс хан
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

15 ғасырдың бірінші ширегінде Алтын Орданың ыдырау процесі тереңдеп, ішкі және сыртқы саяси факторлардың әсерімен хандар жиі ауысып отырды. їижраның 815 жылы (1412/13) Керімберді Ұлы Литва князьдігімен жақындаса бастаған туған ағасы Жалал әд-Динді өлтіріп, хан тағына отырады. Керімберді сыртқы саясатта Мәскеу князьдігіне жылы шырай көрсете бастайды. Бұған қарсы Ұлы Литва князі Витовта Вильно қаласында Бессабулды хан етіп тағайындап, Сарайға қарсы жорыққа аттандырды. Шамамен 1415 жылдың соңында Керімберді Бессабулдың әскерін талқандап, оның өзін өлтіреді. Керімберді. Алтын Орданың ішкі саяси өміріндегі талас-тартыстарды тоқтата алмады. 1414 жылдың басында Тоқтамыс ханның басқа бір ұлы Кебек сарай төңкерісі нәтижесінде Керімберді ханды биліктен ығыстырып, таққа өзі келеді. Керімберді ханның одан кейінгі тағдыры және ұрпақтары туралы нақты дерек жоқ.

Тағы қараңыз

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Эмиссиялық банк

  • Сәуір 11, 2026

    Ахмет сұлтан

  • Сәуір 30, 2026

    Әл-Муджадалә сүресі

  • Сәуір 16, 2026

    Халифа Алтай

  • Сәуір 08, 2026

    Ауыз су

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары