Қарынжарық – Оңтүстік Үстірт кемеріндегі ойыс.
| Қарынжарық ойысы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 52 м төмен м |
| Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтық | 90 км |
| Батыстан шығысқа дейінгі қашықтық | 12 км |
| Орналасуы | |
| 42°58′43″ с. е. 54°24′17″ ш. б. / 42.978674° с. е. 54.404644° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°58′43″ с. е. 54°24′17″ ш. б. / 42.978674° с. е. 54.404644° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Маңғыстау облысы |
Географиялық орны
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жерінде орналасқан. Өзімен аттас құмды алқаптың шығысын бойлай созылып жатыр.
Жер бедері
Ұзындығы 90 км-ге жуық, енді жері Кендірлі сорын қосып есептегенде 12 км болады. Табаны теңіз деңгейінен 52 м төмен жатыр. Қиыр оңтүстігінде абсолюттік биіктігі 116 м төбе, солтүстігінде биіктігі 209 м болатын Қарамая тауы орналасқан. Ойыстың шығыс бөлігінде Оңтүстік Үстірт кемерінің кертпештелген шыңдары созылып жатыр (абсолюттік биіктігі 201 м, салыстырмалы биіктігі 149 м). Батысында құмды саздақтардан құралған аллювийлі құмды жазық орналасқан. Мұнда жусан, күйреуік, т.б. сораң шөптер өседі. Ойыс Үстірт мемлекеттік қорығына жатады.

