Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Шокальский мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейінде, Орта Талғар өзенінің бастауында орналасқан. Оны 1910 жылы өлкетанушы С.Е.Дмитриев ашқан. Мұздыққа геог

Шокальский мұздығы

  • Басты бет
  • Шокальский мұздығы

Шокальский мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейінде, Орта Талғар өзенінің бастауында орналасқан. Оны 1910 жылы өлкетанушы С.Е.Дмитриев ашқан. Мұздыққа географ, мұхиттанушы Ю.М.Шокальскийдің (1856–1940) есімі берілді.

Шокальский мұздығы
Сипаттамасы
ТүріБеткейлік мұздық
Ауданы10,8 км²
Ұзындығы4,7 км
Орналасуы
43°02′42″ с. е. 77°09′43″ ш. б. / 43.0450° с. е. 77.1620° ш. б. / 43.0450; 77.1620 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°02′42″ с. е. 77°09′43″ ш. б. / 43.0450° с. е. 77.1620° ш. б. / 43.0450; 77.1620 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақАлматы облысы
Шокальский мұздығы
Шокальский мұздығы (Алматы облысы)
Шокальский мұздығы

Жер бедері, аумағы

Мұздық бойлық бағытта созылған. Ұзындығы 4,7 км, ауданы 10,8 км2, оның ішінде фирн (мұзқар) алаңы 5,7 км2. 3 тармақты қазаншұңқырдағы ені 4 км, мұздық тілінің ені 1 км. Мұздық 4540 м биіктіктен басталып, мұздық тілі төменде 3370 м-де бітеді. Орташа қалыңдығы 89 м, көлемі 0,96 км3. Мұздық бетіндегі қардың еруінен жыл сайын Талғар өзеніне 10–12 млн.м3 су ағады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Маусым 14, 2026

    Молотов-Риббентроп пакты

  • Тамыз 21, 2026

    Маман Қалқабайұлы

  • Сәуір 04, 2026

    Ұлы тоқырау

  • Маусым 29, 2026

    Дэвид Хьюбел

  • Сәуір 08, 2026

    Карбонаттық қабат

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары