Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Арыстанбай (Арыстан) Тобылбайұлы (1811,Ақмола облысы, Сабынды ауданы — 1880, сонда) — суырып салма ақын.

Арыстанбай Тобылбайұлы

  • Басты бет
  • Арыстанбай Тобылбайұлы

Арыстанбай (Арыстан) Тобылбайұлы (1811,Ақмола облысы, Сабынды ауданы — 1880, сонда) — суырып салма ақын.

Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан. Әкесі — Тобылбай би. А. Орынбай, Серәлі, Шөже ақындармен айтысқан. Қоқан, Ташкент, Созақ, Үргеніш, Бұхар қалаларын аралаған. 1837 ж. Ташкент сапарынан оралып келе жатып, Кенесары ханның қолына түседі. Хан оны қауіпті адам санап өлтірмекші болғанда, ақын өзінің елі мен жеріне қоштасу жырын табанда суырып салып айтып, ақындық өнерінің құдіретімен ажалдан құтылады. Шоқан Уәлиханов А. ақынды ірі сөз шеберлерінің қатарына қосқан. Ол «Едіге туралы» жыр мен «Ер Қосай», «Ер Көкше» дастандарын алғаш А-дан естігенін жазады. А. Ұлытау экспедициясына жолбасшы болған кезінде (1845 — 46) бірге болған орыс оқымыстысы И.З. Безверхов оның ақындық, жыршылық, әншілік өнерін өте жоғары бағалайды, «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырын жатқа айтып бергенін жазады. Өлеңдері мен айтыстары жинақталып, 1910 ж. бастап әр түрлі жинақтарда жарияланып келеді. Ақынның бүгінге "Арыстанның әні" атты жалғыз әні ғана жетті.

Сыртқы сілтеме

  • Научная библиотека Карагандинского государственного университета им.Е.А.Букетова(қолжетпейтін сілтеме)
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Ағынды су

  • Сәуір 04, 2026

    Абай Құнанбаев

  • Сәуір 07, 2026

    Әл-Фатх сүресі

  • Сәуір 06, 2026

    Поляк тілі

  • Сәуір 07, 2026

    Көк кептер

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары