Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Кромвель(‘’Cromwell’’) Оливер (‘’25.4.1599, Хантингдон – 3.9.1658, Лондон’’) – ағылшынның мемлекеттік қайраткері. Интепенденттер (‘’протестантизм ағымын жақтауш

Оливер Кромвель

  • Басты бет
  • Оливер Кромвель

Кромвель(‘’Cromwell’’) Оливер (‘’25.4.1599, Хантингдон – 3.9.1658, Лондон’’) – ағылшынның мемлекеттік қайраткері. Интепенденттер (‘’протестантизм ағымын жақтаушылардың’’) көсемі болған. Англияның лорд-протекторы (1653). Ағылшын революциясы басталған кезде Кромвельдің шаруалардан құралған атты әскері король армиясына қарсы ұрыстарда ерекше табандылығымен көзге түсті. Темірдей берік тәртібі бар осы әскер кейіннен ағылшын парламентінің “жаңа үлгідегі” армиясының негізін құрды. Азамат соғысы кезінде (1644 – 48) Кромвель өзін талантты қолбасшы ретінде көрсетті. Король әскерін бірнеше рет талқандап, халық арасында үлкен беделге ие болды. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін қауымдар палатасының мүшесі ретінде саяси күреске белсене араласты. Әскерге арқа сүйеп, корольді өлтіруге, монархия мен лордтар палатасын жойып, Англияны республика деп жариялауға жағдай жасады (1649). Бірақ, билікке келгеннен кейін жеке өзінің диктатурасын орнатуды көздеп, жаппай жазалау шараларын қолданды. Ирландиядағы ұлт-азаттық көтерілісін (1649 – 52) күшпен басып тастады, демокр. ағымның өкілдерін қуғындады (1649, 1651), 1653 ж. желтоқсанда Англия, Ирландия, Шотландияның лорд-протекторы болып тағайындалып, елде өзінің жеке билігін орнатты.

Оливер Кромвель


←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Мамыр 01, 2026

    Терісаққан (өзен)

  • Сәуір 12, 2026

    Орхон өзені

  • Сәуір 09, 2026

    Амин тобы

  • Наурыз 29, 2026

    Жүйке жасушалары

  • Наурыз 11, 2026

    Жамбыл облысы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары